ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


АБДЫКЕРИМОВА Э.А. ТУРКМЕНБАЕВ А.Б. ДЖУНЕБАЕВ А.Д.
Ш. Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан

Аңдатпа. Қазіргі таңда латын әліпбиін үйрену заман талабы болып отыр. Бүгінгі таңда әлемнің он екі мемлекеті кириллица жазуын пайдаланады екен. Көптеген басқа мемлекеттерде латын әліпбиі қолданылады. Бүгінде әлем халықтарының сексен пайызы латын қаріптерін қолданады. Әлемдік ғылыми ақпараттың жетпіс пайызы латын қарпімен келеді. Өз иероглифтерін қолданатын дүниедегі озық экономикасы бар Жапон, Қытай мемлекеттері де латын қаріптеріне бейімделе бастады. Латын әліпбиінің екі мың бес жүз жылдық тарихы бар. Оның үстіне қазіргі таңда барлық адамдар компьютер, телефон арқылы латын әріптерімен біршама таныс. Демек, бұл кең таралған жазу. Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі осы күнгі ағылшын әліпбиінің тәртібіне сәйкес жасалған. Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және технологияның, білім мен ғылымның тілін жетік түсінуіміз үшін латын әліпбиін үйренуіміз керек, сол әліпбиде жазуға, оқуға қадам жасауымыз керек. Біз латын әліпбиін үйрену арқылы әлем тілін түсіне аламыз. Латынға көшу - бұл халықтармен және әлеммен интеграцияланған әдіс, ұлттық сананы жаңғырту және халықаралық деңгейде тілдің өсуі. Елдің жан-жақты дамуы үшін жаңа дәуірдің талаптарына сәйкес Қазақстан халқының өркендеп өсуіне зор үлес қосатыны сөзсіз. Қазақ тілін жаңғырту тіл саясатындағы ақпараттық және коммуникациялық құралдардың көмегімен қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Латын графикасы ғаламдық ақпараттық технологиялар жүйесі арқылы әлемдегі ағымдағы ақпараттың жетпіс пайыздан астамы осы формадағы техникалық шешімдер мен бағдарламалау құралдарын ұсынады. Бұл мақалада мобильді қосымша (телеграмм бот) арқылы адамдарды өзгеріске дайындау жолдары көрсетілген. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу процесі кезіндегі бірқатар мәселелердің шешімі ұсынылған. Латын қарпіне көшу біздің елімізді дамыған елдер арасынан табылуға оң әсер етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Назарбаев Н.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // «Егемен Қазақстан» газеті. 2017 жылғы 26 сәуір //http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/ memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalas
[2]. [Электронный ресурс] // – Режим доступа: https://telegram.org/faq?setln=ru#q-how-do-i-create-a-bot
[3] Бекенова А.С. Python бағдарламалау тілі: оқу құралы.- Алматы: Альманах, 2019. - 119 б.
[4]. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығы. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1700000569
[5]. Көбеков Б.С. Программалау тілдеріндегі көрсеткіштік тип: оқу құралы. - Қарағанды: «Medet Group», 2019. - 103 б.
[6]. [Электронный ресурс] // – Режим доступа: https://devcenter.heroku.com/articles/preparing-a-codebase-for-heroku-deployment
[7]. «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» республикалық ғылыми-тәжірибелік оn-line конференция материалдары. - Атырау, 2019. - 241 б.


PDF


ysj DOI number  10.56525/KGLD9138