Yessenov Science Journal

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі таңда әлемдік ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау бойынша ғалымдардың алдына қойылған міндеттер ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған нақты шараларды ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ғылыми журналды құру бойынша елеулі күш-жігерді талап етеді.

2002 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Вестник КГУТИ им. Ш.Есенова» журналы жылына 2 рет шығады.

Журнал Есенов университетінің ресми мерзімді баспасөз басылымы болып табылады. Журналдың 10.03.2009 ж. №9935 – Ж мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар (алғашқы есепке қою нөмірі мен күні №2564-Ж, 26.12.2001 Ж) және ISSN 1684-9299 тіркеу нөмірімен Париждегі ISSN Халықаралық орталығында тіркелген.

Халықаралық көріну мақсатында Yessenov University шығарылатын ғылыми журнал Вестник КГУТИ им. Ш.Есенова «Yessenov Science Journal» атауына өзгертілді, ол №17181-жмерзімді баспасөз басылымын есепке алу туралы куәлікпен расталады.

Журналдың негізгі мақсаты-ғылыми салалардағы мамандардың ғылыми қызметін жариялау және университет қызметінің бағыттары бойынша ақпарат алмасу арқылы ғылыми зерттеулердің дамуына ықпал ету.

Журналдағы мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Журнал жылына 2 нөмір кезеңділігімен (6 айда 1 рет) баспа нысанында шығарылады.

Мақала материалдары редакциялық алқаға түсуіне қарай тіркеу журналында қатаң тіркеледі.