СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ САНАСЫН КЕМЕЛДЕНДІРУ


НАБИЕВА Л.И.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университеті
Ақтау, Қазақстан

Аңдатпа. Мақалада бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан елінде өзекті мәселелердің біріне айналып отырған студенттердің саналық деңгейдегі кемелденуі туралы айтылған. Автор жан-жақты зерттеп, тақырыпты өз деңгейінде аша білген. Өзіндік субъективті көзқарастарын да мысал ретінде келтіріп, дәйектер түрінде түсіндіреді. Хронологиялық тұрғыда уақыт межесіндегі кейбір мәселелерді рухани дамуға байланысты дей отыра, оған тарихи және саяси анализдер келтірген. Автор осы мақалада осындай тақырыпты көтеру арқылы жастарды елдің «жасыл ресурсы» деген салыстыруымен келісіп, оның сана-сезімінің дамуына үлкен назар аудартады. Жастарда ұлттық сана мен ұлттық рух ұғымдарын бір арнадан тоғысу үшін ортасында бір ортақ көпір болуы шарт деп есептейді. Ұлттық рух патриотизм сезімімен бірге жүреді. Сондықтан жас буынның ең алдымен патриоттық сезімдерін ояту қажет. Оны жүзеге асыру үшін оларды Отансүйгіштік пен ибалылыққа және елдің егемендігін қастерлеуге үйрету керек. Мақалада бүгінгі таңдағы қазақ қоғамындағы қазақ жастарының саналық даму ерекшеліктері де баяндалады. Жастардың санасын кемелдендіру ұзаққа созылатын күрделі үдеріс. Сондықтан студент жастардың санасын кемелдендіру оңайға түсуі үшін бұл үрдісті ертерек, мектеп жасынан бастау қажет деп есептейді. Себебі мектептен кейін жоғарғы оқу орындарына түскен кезде жастардың санасын кемелдендірудің жаңа сатысы басталады. Мемлекеттің «жасыл ресурсы» деп танылған жастардың санасының кемелденуі елдің жарқын болашағының нағыз кепілі болады деген қорытындыға келеді. Мақала авторы студент жастардың санасын кемелдендіру арқылы олардың өздерінің жарқын болашағына жол ашып қана қоймай, жалпы мемлекеттің келешекте үлкен толағай табыстарға жете алатынына кәміл сенеді. Аталмыш мақаланы жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың осы тақырыпта жазылған ғылыми теориялық-әдіснамалық негізде жазылған еңбектеріне терең шолу жасалынды. Сонымен бірге мақаланың деректік базасын жоғарғы оқу орындарында білім алушы студенттер арасында жүргізілген бақылау тәсілі арқылы алынған нәтижелер құрайды. Оған қоса тақырыпты ашуда және оған ғылыми талдау жасауда жалпы ғылыми әдістер саналатын жүйелеу, салыстыру, сондай-ақ, елде жастар арасында тұрақты түрде жүргізілетін әлеуметтанулық зерттеулер арқылы дәлелденген тұжырымдар қолданылды.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Карнеги Д. Правила жизни успешных людей. 21 вдохновляющая история о победе над собой. – Москва: ЭКСМО, 2021. - 256 с.
[2]. Kissinger H. White House Y.ears. - Simon #038; Schuster; Reprint edition, 2011. - 1552 p.
[3]. Дмитриевская И.В. Основания науки: системно-когнитивные аспекты // Вестник Ивановского государственного университета. Серия: Гуманитарные науки. – 2013. – № 2. – С. 12-16.
[4]. Здравомыслов А.Г., Ядов В.А. Отношение к труду и ценностные ориентации личности // Социология в СССР. – М.: Мысль, 1966. – Т. 2. – С. 187-207.
[5]. Здравомыслов А.Г. Потребности. Интересы. Ценности. – М.: Политиздат, 1986. – 223 с
[6]. Тхостов А. Ш., Сурнов К. Г. Культура и патология: побочные эффекты социализации / Национальный психологический журнал. – 2006. – № 1. – С. 20–27.
[7]. Төлепберген Б. Алаш жолы. - Алматы, 2017. - 239 б.
[8]. Ким Г.Н., Алимбаева Ж.Н. Южнокорейские телесериалы в Казахстане «халлью» и зрительская реакция // Известия корееведения в Центральной Азии. – Алматы, 2007. - С. 188-201.
[9]. Попов В.П. Исследование ответственности как системного качества личности: дис. #8230; д-ра психол. наук. – М.: Про Софт-М, 2003. – С. 88.
[10]. Скляр С. С. Дидактические основы формирование ответственности у старшеклассников: автореф. дис. … канд. пед. наук. – Ростов-на-Дону, 2010. –21 с
[11]. Хесле В. Кризис индивидуальной и коллективной идентичности // Вопросы философии. – 1994. – № 10. – С. 112–123.
[12]. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М.: Прогресс, 1996. – 344 с.


PDF


ysj DOI number 10.56525/OJCD2703