КИЗИМБАЕВА А.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау, Қазақстан
E-mail: kizimbaeva@mail.ru
КОБЕГЕНОВА Г.Ж.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау, Қазақстан
E-mail: gulmira.kobegenova@yu.edu.kz
ТАРАНОВА И. В.
Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті Ресей Федерациясы, Ставрополь қ.
E-mail: taranovairina@yandex.ru
Аңдатпа. Бұл мақала Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту саясатын басқаруды жетілдіру жөніндегі қызмет нәтижелеріне тұрақты мониторинг пен талдау жүргізуге арналған зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында жұмыспен қамту саясатын басқарудың негізгі аспектілері, сондай-ақ осы қызметтің нәтижелерін бақылау және талдау әдістері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты - аймақтағы халықты жұмыспен қамту саясатын басқаруды жақсартудың тиімді стратегиялары мен құралдарын анықтау. Алынған нәтижелер қолданыстағы басқару тетіктерін оңтайландыру және Маңғыстау облысында жұмыспен қамту саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Маңғыстау облысы үшін маңызды экономикалық тұрғыдан дамуда кедергі келтіретін өзекті тақырыптардың бірі – еңбек нарығы, атап айтқанда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықты қысқарту мәселелері жатады. Бұл халықтың жұмыспен қамтылуы кірістер мен шығыстарға, Маңғыстау облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер етеді. Жұмыспен қамтылу жоғары болған кезде аталған облыстың тауар нарықтарында салыстырмалы түрде жоғары тұтынушылық сұраныс қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде ЖІӨ мен ЖӨӨ-нің өсуіне әкеледі, ал жұмыссыздық табыстың толық алынбауына әкеледі. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне тек елдегі ғана емес, сонымен қоса әлемдегі болып жатқан процестер әсер етеді. Маңғыстау облысында соңғы үш жылда еңбек нарығының индикаторларында белгілі бір прогреске қол жеткізілді: 2020-2022 жылдар кезеңінде ғана экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 112,3% - ға өсті, жұмыссыздық деңгейі 1,9% төмендеді. Маңғыстау облысымен қоса елдің барлық өңірлерінде жұмыспен қамтуды арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында елде 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік «Еңбек бағдарламасы» жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік бағдарламаның Маңғыстау облысына берген үлесі көп болды. Себебі, бағдарлама негізінде тек жұмыс орындары ашылып қана қоймай, халықты өз істерін жүзеге асыру және өз-өздерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қысқа уақытқа арналған оқыту шаралары жүргізілді.
Түйінді сөздер. жұмыссыздық, жұмыспен қамту, экономика, еңбек нарығы, табыс, бағдарлама, индикаторлар, прогрес, басқару, ұсыныстар, жұмыс орындары, деңгей, әлеуметтік, мәселелер, нәтиже, процесс.
DOI 10.56525/EYVR7896