ТАЙМУРАТОВА Л.У.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz
Шуркин М.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: shurkin.merey@mail.ru
*Корреспондент авторы: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz
Аңдатпа: Мақалада ойын технологиясының маңызы туралы баяндалады. Білім беру мен ойынның өзара әрекеттесуін және олардың физика пәнін үйренуде тиімді құралға айналатындығын талқылайды. Ұсынылған әдістер білім алушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесін тиімді етуге арналған. Оқушыға біліммен қатар ойындар топтық жұмыс, көшбасшылық, бірлескен оқу немесе шешім қабылдау сияқты жеке және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесетіндігі туралы айтылады. Және де Ричард Бартл жасаған ойыншылардың классификацияларын ойын технологиясын пайдаланғанда да ұмытпаған жөн. Себебі бір сыныпта оқушылар саны әдетте аз болмайды. Аз болмағандықтан олардың барлығына да қызықты ойын болғаны маңызды. Мақалада ойындарға қысқаша шолу жасалады. Hot Potatoes ойын құрастыруға арналған сайт арқылы сабақта жасауға қажет бос орындарды толтыру жаттығуларын жасауға арналған JCloze, әрекеттерді сәйкестендіру, тапсырыс беруге арналған JMatch, көп таңдаулы немесе қысқа жауап беретін сұрақтарды жасау үшін Jquiz секілді құралдарды пайдалана аламыз. Бірақ бұл сайтта жеке тарауларды қарастырмайды. Жалпылама алынған оқушыларға векторина құрастыруға арналған. Scratch сайты - бұл оқушыларға анимациялық бейнелерді құрастыруға бола алатын сайт болып табылады. Бұл сайттада нақты тарауларға тіпті пәндергеде негізделмеген. Әркімнің қиялына байланысты ойындар құрастыруға болады. Бірақ шектеулі ресурстарына байланысты ойындар қарапайым болып шығады. Мақалада физиканың салыстырмалылық теориясын үйретуге арналған компьютерлік ойын талданады. Ойын барысында оқушылар салыстырмалы қозғалыстарды және релятивистік физиканың негізгі принциптерін түсіне алады. Ойын негізінде Ньютон заңдары және инерциялық қозғалыс зерттеледі, бірақ оның атомдық физикаға қатысы жоқ. Мақалада физика мен химия пәндерін шет тілінде оқыту барысында ойындарды қолдану тиімділігі талқыланады. Ойындар оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыруға және танымдық, аффективті, психомоторлық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Білім беру ойындарының когнитивтік және әлеуметтік дағдыларды дамытуға қалай ықпал ететіні көрсетілген. Жалпы алғанда, әр мақалада ұсынылған әдістер білім беруде ойындарды тиімді қолданудың көптеген артықшылықтарын көрсетеді. Олар оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың ғылыми ұғымдарды терең түсінуіне және есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған.
Түйін сөздер: ойын технологиясы, қолданбалар, білім алушының қызығушылығы, ойын элементтері, білім алушы, мұғалім, білім беру, білім беру әдісі.
DOI 10.56525/FRJS4324