Н.Р. ЕСЕНЖАНОВА
Ш. Есенов атындағы
Каспий технологиялар және
инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: nursaule.yesenzhanova@yu.edu.kz
Аңдатпа. Көмірқышқыл газын органикалық синтез қолдану қазіргі «жасыл химияның» маңызды нысаны болып табылады. Көмірқышқыл газын химиялық синтезде пайдалану парниктік әсермен күресуде де үлкен маңызға ие (парниктік газдардағы көмірқышқыл газының мөлшері 50%-дан астам).
Көмірқышқыл газының молекуласы төмен реактивтілікке ие, сондықтан оған қатысатын реакциялардың басым көпшілігі белгілі бір жағдайларда ғана жүреді: катализаторларды қолдану және қатал процесс жағдайында. Сонымен қатар көмірқышқыл газының кейбір оңай қол жетімді қарапайым туындылары жеткілікті белсенді қосылыстар болып табылады. Атап айтқанда, алкил көмірқышқылдарының сілтілі тұздары негізіндегі синтездер қызығушылық тудырады. Соңғылары көмірқышқыл газының сілтілі металдардың алкоголаттарымен әрекеттесуі арқылы оңай синтезделеді.
Фенолдарды карбоксилдеу өнімдері – гидроксибензой қышқылдары және олардың туындылары пестицидтер, дәрілік препараттар, фотостабилизаторлар, бояғыштар және полмимерлі материалдар өндірісінде кең қолданысқа ие. Гидроксибензой қышқылдарын және олардың туындыларын алудың негізгі өндірістік әдісі (Кольбе-Шмидт реакциясы) сілтілік металдардың феноляттарын көміртек диоксидінің қысымында карбоксилдеу болып табылады. Бұл әдіс айтарлықтай кемшіліктерге ие: ең бастысы технологиялық жағынан қиын (суды вакуумда айдау) және өте гигроскопиялық қасиетке ие сілтілік металдардың феноляттарын алдын ала синтездеп алу қажеттілігі және құрғақ сілтілік металдардың феноляттарының жоғары гигроскопиялылығы. Микротолқынды сәулелендіру жағдайындағы химиялық синтез қазіргі уақытта органикалық синтездің қарқынды дамып келе жатқан әдістерінің бірі. Микротолқынды сәулелендіруді химиялық синтезде қолдану оның сұйық және қатты үлгілерді көлемдік қыздырып, химиялық реакцияны ондаған және жүздеген есе тез жүргізу қабілетіне байланысты. МТ-сәулелендіруді химияда қолдандың кең мүмкіндіктері МТ-әсерін қолданбалы тұрғыда пайдалануға үлкен қызығушылық тудырды. Бұл жұмыста алғаш рет МТ-сәулелендіру жағдайында фенол және оның туындыларын этилкөмірқышқылының натрий тұзымен карбоксилдеу мүмкіндігі көрсетілген. Процесті жүргізудің оптималды жағдайлары табылды. Фенильді сақинадағы орынбасушылардың орналасуы мен табиғатының мақсатты өнім шығымына әсерінің салыстырмалы активтілігін анықтау мақсатында микротолқынды сәулелендіру жағдайында фенолдың метил және галиод туындыларын натрийэтилкарбонатпен карбоксилдеу реакциялары жүргізілді.
Кілт сөздер: фенол, крезол,хлорфенол, бромфенол, фторфенол, натрийэтилкарбонат, карбоксилдеу, микротолқынды сәулелендіру, гидроксибензой қышқылы, көміртек диоксиді, салицил қышқылы.
DOI 10.56525/KQZR1262