ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢЕС БИЛІГІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ (ХХ Ғ. БАСЫ)

А. И. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институты, Алматы, Қазақстан

E-mail: akudaybergen@mail.ru

Аңдатпа. Мақалада кеңес дәуірі қарсаңындағы тарихи жағдайлардың негізгі барысын нақтылауға, соның ішінде қазақ халқының демографиялық дамуы мен көші-қон үдерісін анықтауға негіз болатын ірі тарихи оқиғаның бірі - 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің салдарлары қарастырылады. І дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарды соғысқа алмағанымен, майданның алғы шебіне қолына қару емес, күрек ұстатып, жауған оқтың астында окоп қаздыру үшін, қара жұмысқа алу жөніндегі 1916 ж. 25  маусымдағы патша жарлығы переселендік саясат, патша әкімшілігінің жергілікті жерлердегі озбырлығы мен «ұлы орыстық шовинистік» қарым-қатынастан қысым көрген Орта Азиялық халықтардың шыдамын шегіне жеткізіп, көтеріліске шығуына түрткі болды. «Тыл жұмыстарына» алынған адамдар санына талдау жүргізіледі. Босқыншылық мәселесімен бірге, көтерілістің халық санына тигізген әсері сандық тұрғыдан қарастырылады. 1916 ж. көтеріліске қатысқандардың жазадан қашып, Қытай асып, босқыншылыққа ұшырағандардың көші өздеріне танымал болып қалған көші-қон соқпақтарымен жүзеге асты. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен жүргізілген Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары мен оның нәтижелері де сөз болады. Бұл жылдары қазақтардың жерлерін меншіктеп үлгірген келімсектер мен қайта оралған қазақтар арасында қақтығыстар жиі орын алды. Кеңес үкіметі азамат соғысы аяқталғаннан кейін, 1921 ж. бастап қазақтарға жерді қайтару шараларын, соның ішінде 1916 ж. көтеріліс кезінде Қытайға кеткен босқындарды қайтаруға байланысты жұмыстарды арнайы қолға ала бастады. Кеңес дәуірі қарсаңында, біріншіден, қазақтар өз мекендерінен ығыстырылып, дәстүрлі шаруашылығына қолайлы және шұрайлы жерінен айрылды. Екіншіден, жерден ығыстыруға қатысты көші-қон қазақтардың туу көрсеткішін төмендетті, өлім-жітім көрсеткішінің өсіміне, табиғи өсімнің төмендеуіне әкелді. Үшіншіден, қазақ жеріне келіп қоныстанушы переселендер әлеуметтік-экономикалық артықшылықтармен бірге қаруландыру арқылы әскери күшке ие болып, жергілікті халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қоқан-лоқысымен алаңдатушылықтар туғызды.

Кілт сөздер: Қазақстан, кеңес дәуірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, босқыншылық, демографиялық даму, ашаршылық, патша жарлығы, тыл жұмыстары, патша озбырлығы

DOI 10.56525/CLPZ6432