ЧЕХИЯДАҒЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

КОБЛАНОВ Ж. Т.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

                                                                                                E-mail: zholaman.koblanov@yu.edu.kz

КАРИМСАКОВА Б. А.

Ш. Есенов атындағы Каспий

технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

                                                                    Email:baktigul.karimsakova@yu.edu.kz

nbsp;

Аңдатпа. Мақала Чехиядағы қайта өрлеу әдебиетінің маңызын пайымдауға арналған. Чехияда дүниеге келген гуманистік әрекет славян Қайта өрлеу дәуірі тарихында маңызды орынды алады. XV ғасырда гусшілдер әрекеті өрістеп бара жатқан Чехияда папа үстемдігіне өшпенділікпен қарау және тәуелсіздік үшін күрес күшейген еді. Бұл дәуірдегі чех әдебиеті дидактикалық және діни мазмұнда болды. Мемлекеттің экономикалық дамуы қалалардың жағдайын өзгертті. Бұл болса, итальян гуманизмінің кең таралуына мүмкіндік берді. Шет ел үстемдігі мен феодалдық озбырлықтарға қарсы күресте гусшілдер әрекеті үлкен рөл ойнады. Бірақ бұл әрекет діни жамылғыға оранғандықтан отансүйгіштік жырлар да діни рухта болды, олар музыка сүйемелдеуімен орындалды. Гусшілдердің католиктерге қарсы күресі және осы кезеңдегі реформациялық ағымдар Қайта өрлеу дәуіріндегі чех әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін белгілей алмайды. Ренессанстың басты белгілері антик қоғам негіздеріне сүйенген дүниежүзілік мәдениет, тән мен жан жетістіктерін бейнелеген, өмір қуаныштарын суреттейтін өнерде айқын көрінеді. Чех гуманизмінің алғашқы даму сатысы Петрарканың Прагада болған (1356) кезеңіне сәйкес келеді. Осы уақыттан бастап итальян поэзиясының «жаңа стиліне» қызығушылық туа бастайды. Сонымен қатар мақалада сол кезеңде чех қоғамында болып жатқан тарихи-саяси оқиғалардың әдебиеттің дамуына да мол ықпалы болғандығы пайымдалады.

Тірек сөздер: эпос, лирика, сахна, драма жанры, чех әдебиеті, эстетика.

DOI

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Көкшеева З.Т

Ш. Есенов ат. Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қаласы, Қазақстан,

E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz

RIMANTAS ZELVYS

Вильнюс университеті, Литва

                                                                                      Email:rimantas.zelvys@fsf.vu.lt

 

Аңдатпа: Бұл мақалада, біз мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасап, ішінара кейбір әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық. Сондай-ақ, мақалада ұсынған әдістеме негізінде алдымызға қойған болжамның дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жобалау әдісін қолдану арқылы эксперимент жұмысын жүргізіп, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастырып, одан әрі дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар берілді.

Кілт сөздер: мектепке дейінгі балалар; кіші мектеп жасындағы  оқушылар; зерттеушілік іс-әрекет; сабақтастық; тәжірибе жұмысы; ғылыми жоба;  жобалау әдісі;

DOI

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ

ТАЙМУРАТОВА Л.У.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

 Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz

Шуркин М.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: shurkin.merey@mail.ru

*Корреспондент авторы: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz

 

Аңдатпа: Мақалада ойын технологиясының маңызы туралы баяндалады. Білім беру мен ойынның өзара әрекеттесуін және олардың физика пәнін үйренуде тиімді құралға айналатындығын талқылайды. Ұсынылған әдістер білім алушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесін тиімді етуге арналған.  Оқушыға біліммен қатар ойындар топтық жұмыс, көшбасшылық, бірлескен оқу немесе шешім қабылдау сияқты жеке және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесетіндігі туралы айтылады. Және де Ричард Бартл жасаған ойыншылардың классификацияларын ойын технологиясын пайдаланғанда да ұмытпаған жөн. Себебі бір сыныпта оқушылар саны әдетте аз болмайды. Аз болмағандықтан олардың барлығына да қызықты ойын болғаны маңызды. Мақалада ойындарға қысқаша шолу жасалады. Hot Potatoes ойын құрастыруға арналған сайт арқылы сабақта жасауға қажет бос орындарды толтыру жаттығуларын жасауға арналған JCloze, әрекеттерді сәйкестендіру, тапсырыс беруге арналған JMatch, көп таңдаулы немесе қысқа жауап беретін сұрақтарды жасау үшін Jquiz секілді құралдарды пайдалана аламыз. Бірақ бұл сайтта жеке тарауларды қарастырмайды. Жалпылама алынған оқушыларға векторина құрастыруға арналған.   Scratch сайты - бұл оқушыларға анимациялық бейнелерді құрастыруға бола алатын сайт болып табылады. Бұл сайттада нақты тарауларға тіпті пәндергеде негізделмеген. Әркімнің қиялына байланысты ойындар құрастыруға болады. Бірақ шектеулі ресурстарына байланысты ойындар қарапайым болып шығады. Мақалада физиканың салыстырмалылық теориясын үйретуге арналған компьютерлік ойын талданады. Ойын барысында оқушылар салыстырмалы қозғалыстарды және релятивистік физиканың негізгі принциптерін түсіне алады. Ойын негізінде Ньютон заңдары және инерциялық қозғалыс зерттеледі, бірақ оның атомдық физикаға қатысы жоқ. Мақалада физика мен химия пәндерін шет тілінде оқыту барысында ойындарды қолдану тиімділігі талқыланады. Ойындар оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыруға және танымдық, аффективті, психомоторлық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Білім беру ойындарының когнитивтік және әлеуметтік дағдыларды дамытуға қалай ықпал ететіні көрсетілген.  Жалпы алғанда, әр мақалада ұсынылған әдістер білім беруде ойындарды тиімді қолданудың көптеген артықшылықтарын көрсетеді. Олар оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың ғылыми ұғымдарды терең түсінуіне және есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған.

Түйін сөздер: ойын технологиясы, қолданбалар, білім алушының қызығушылығы, ойын элементтері, білім алушы, мұғалім, білім беру, білім беру әдісі.

DOI

«ОПТИКА» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ЗАМАНУИ БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ РӨЛІ

*АЛМАҒАМБЕТОВА А.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Қызылорда қаласы, Қазақстан

E mail: aldajarovna_1971@mail.ru

 

ТАЙМУРАТОВА Л.У.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz

СКРИПКИНА Д.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: zhanibekkyzyd@mail.ru

*Корреспондент авторы: aldajarovna_1971@mail.ru

 

Аңдатпа. Мақала желісі білім беру жүйесіндегі электронды оқулықтарды қолданудың тиімділігі мен рөлі қарастырылады. Ал соның ішіндегі «Оптика» бөлімі бойынша оптикалық құбылыстар, заңдылықтар негізге алынады. Электрондық оқулықтар жасау - бүгінгі таңда білім беру үдерісіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың кеңеюі білім алушылардың өзін-өзі оқытудың тиімділігі мен оқыту сапасын арттыратын электрондық оқыту құралдарын әзірлеу қажеттілігін туғызды. Электрондық құралдарды пайдалану оқу үдерісінде оқыту оқытушы үшін де, білім алушы үшін де тиімді. Оқу процесінде электрондық оқыту құралдарын пайдалану дәстүрлі оқыту әдісіне қайшы келмейді, керісінше оның жетістіктерін пайдалануды толықтырады. Сондай-ақ, салыстыру параметрлері қарастырылады: бет және бұрылыс; оқырманның кітап бойынша қозғалысы; жазықтық пен тереңдік; кітап блогы; кітаптың жеке келбеті; мәтін; иллюстрация; тактильді сезімдер; ақпаратты сақтаудың сенімділігі және ақпаратты қол жетімді жаңарту; кітаптың осы және басқа түрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтуға болады. Электрондық оқу құралының баспаға қатысты артықшылықтары тек оның үлкен ақпараттық сыйымдылығымен және пайдаланудың ыңғайлылығымен байланысты дыбыстық эффектілермен бірге жүреді. Электрондық кітап форматының барлық ыңғайлылығымен оқырман оны жүктегісі келмей қалған жағдайда, оны тікелей сайттан көргісі келеді немесе кітап дүкеніндегідей, алдымен басылымды қарағысы келеді, содан кейін жүктеп алуды немесе жүктемеуді шешеді. Электрондық оқу құралының негізгі кемшіліктері оның жеке көркемдік келбетін жоғалтуына байланысты. Қазіргі уақытта электронды оқу құралдарын құрудың көптеген құралдары бар. Мысалы, SunRav BookEditor, SunRav BookReader, TurboSite, Flipsnack, EdApp, Canva және т.б. бағдарламаның мүмкіндіктері қарастырылған. Мақалада электрондық оқулық арқылы оқушылардың сандық сауаттылығын талдау рөлін анықтаймыз. 7-9 сыныптарға арналған физика оқулығының электрондық формаларының мысалдарын келтіруге болады. «Оптикалық құбылыстар» тақырыбы бойынша «Емтихан» баспасы А. В. Перышкиннің оқу әдістемелік кешен бойынша физика оқулығының мысалында электронды оқулық мүмкіндіктерін талданды.

Түйінді сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электрондық оқулық, физиканы оқыту, аудио файлдар, бейнелер, мультимедиялық технология, онлайн бағдарламалық қамтамасыз ету.

DOI

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ: САНА БОЛМЫСЫ

ТУГЕЛБАЙ А.Ә.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

 E-mail: Aibek.tugelbay@yu.edu.kz

 

 

Аннотация. Заманауи өмір ағысында әлем билігінің ақпараттың қолына өтуі бізді ойландыруы тиіс. Адамзат бір-бірінсіз, өзара қатынас әрекетінсіз өмір сүруі мүмкін емес болғандықтан, ақпараттық тасқын ауа сияқты қажеттілікке айналды. Мемлекет азаматтарын соңына ерту үшін бір ғана пікір көшбасшысының ойы мен пікірі жеткіліксіз, оған деген тәуелділік артып, көпшіліктің зерттеу, сыни ойлау қабілеті төмендеп кетті. Сондықтан  мемлекетіміздің тарихи дамуын, санасын, азаматтарымыздың рухани болмысын, қазақтың сана болмысын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды насихаттау мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселеге айналды. Өйткені ұлттың рухани болмысын анықтап, сана болмысын шегелеу арқылы ұлттық идентификациямызды сезінуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде ұлтты ұйыстырудағы ең үлкен инструмент дер едік. Сол себепті қазақтың ұлттық идентификациясын анықтау мақсатында қазақтың сана болмысын отыз жылдан астам зерттеп жүрген үлкен ғалым, философ Ғарифолла Есімнің философиядағы тұжырымдамалары мен еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми еңбектеріне түсіндірме жасауды мақсат тұттық.

Жұмыстың маңыздылығы ғалымның қазақ философиясының ірі өкілдерінің бастау тарихының қайдан шыққаны туралы, ұлт болмысының бас идеологы Абай шығармашылығын талдаған еңбектері мен зерттеулеріндегі ойлар және ғылыми әлеуетін сипаттайтын жиырма томнан асатын еңбектерін бөліп қарастырып, ондағы жүйелі ойларды көрсетуде жатыр.

Академик Ғарифолла Есімнің шығармашылығы туралы жалпы түсінікті қысқаша формуламен қалай түсіндіруге болады? Біздіңше, заман тынысы, сана болмысы, қазақ философиясының қосындысынан шыққан «ғылыми проза» көптеген тарихи деректерді ізденуші, талаптанушы жас ғалымдарға жүйеленген ізбен қоғам өмірінде орын алған саяси, мәдени және қоғамдық-тарихи мәселелерді баяндап, ғылыми баға береді.

Кілт сөздер. Философия, сана, болмыс, таным, адам, ұлт, ұлттық идея, сана болмысы, жаңаша ойлау , білім,

DOI

ГЕОМЕХАНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКА НЕГІЗІНДЕ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІНІҢ ОҢТАЙЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН ТАҢДАУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

Г.М. Эфендиев,

Әзербайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Мұнай және газ институты, Баку, Әзербайжан

И.А. Пиривердиев,

Әзербайжан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Мұнай және газ институты, Баку, Әзірбайжан

М. К. Каражанова,

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан

М.Б. Аскеров

Әзербайжан Мемлекеттік Мұнай және Өнеркәсіп университеті, Баку, Әзірбайжан

 

Аңдатпа. Ұңғыма қабырғаларының тұрақсыздығымен, бұрғылау сұйықтығының сіңірілуімен және т.б. байланысты бұрғылаудың әртүрлі мәселелерін болдырмау үшін бұрғылау ерітіндісінің «қауіпсіздік терезесі» түсінігін пайдалану қажет. Бұрғылау сұйықтығының қауіпсіздік терезесінің шекараларын есептеу ұңғымаларды қауіпсіз бұрғылау үшін бұрғылау сұйықтығының тығыздығын таңдауды негіздеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, оның барлық артықшылықтарымен «қауіпсіздік терезесінің» шекараларын олардың бұлдырлығына байланысты дәл анықтау мүмкін емес, бұл анық емес логикаға негізделген және гетерогендіктің осы түрін ескере отырып, сәйкес әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл мақалада Әзірбайжан, Ресей және Қазақстандағы бірнеше кен орындарының мысалында бұрғылау сұйықтығының тығыздығын таңдауда анық емес жиындар теориясының негізгі принциптерін қолдануға негізделген тәсіл ұсынылады. Тығыздықты анықтауға арналған теңдеу алынды, кейбір өрістер үшін осы өрнек арқылы есептеулер жүргізілді және геомеханикалық зерттеулер негізінде «қауіпсіздік терезесі» деп аталатын шекаралар бағаланды.

Кілт сөздер: бұрғылау сұйықтығының қауіпсіздік терезесі, белгісіздік, шешім қабылдау, оңтайлы тығыздық, қысым градиенттері, мақсаттар мен шектеулер

DOI

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЦИФРЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУЫ, АСПЕКТІЛЕРІ

ГУСМАНОВА А.Г

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

E–mail:  aigul.gusmanova@yu.edu.kz

ДОСМАГАМБЕТОВА М.Б

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

E–mail: Miramgul.dosmagambetova@bk.ru

nbsp;

Аңдатпа. Мұнай кен орындарының көпшілігі мыңдаған шаршы километрді алып жатыр, ал кейбіреулері қиын жергілікті жағдайларда (жылу, мәңгі тоң, шөл, терең сулар) немесе қалпына келтіру қиын қорларға ие. Осы факторларға және технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да бірқатар проблемаларға байланысты мұнай кен орындарын игеруде қиындықтар туындауда (мұнай мен газға сұраныстың тұрақты өсуімен). Сондықтан, мұнай компанияларына жоғары өнімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және бүкіл кеніште мұнай-газ бизнесінде қолданылатын көптеген құрылғыларды басқаратын жоғары сенімді цифрланған инфрақұрылым бұрынғыдан да қажет. Сондықтан да соңғы жылдары дүние жүзіндегі мұнай компаниялары өздерінің мұнай кен орындарын «ақылды» технологияларды қолдану арқылы көбірек басқаруда. Олар мұнай кәсіпшіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек өнімділігін, сондай-ақ экономикалық тиімділікті арттырудың қуатты құралы екенін дәлелдеді. Қолданылатын технологиялар мұнай кен орнын неғұрлым толық және тиімді игеруге ықпал ететін озық аналитикамен байланысты өндірістік деректерді жылдам алу арқылы жұмыс процесінің барлық кезеңдерін жетілдіруді қамтиды. «Интеллектуалды» технологияларды енгізу тәжірибесі бар ол қазірдің өзінде жоғары тиімділік пен өте сенімді нәтижелер көрсетуде (мұнай өндіру процестерінің өзіне қатысты да, жеке операциялардың өзіндік құнын төмендетуге қатысты да). Мұнай және газ секторында өнім өндіру процесінде заманауи цифрлы және зияткерлік технологиялардың қолданылуы тиімділікті арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық әсерді азайту мақсатында маңызды рөл атқарады. Цифрлы технологиялардың қолданылуы - Деректерді жинау және талдау: IoT (Интернет заттары) сенсорлары кен орындарынан нақты уақыт режимінде деректер жинап, оларды аналитикалық платформаларға жіберуге мүмкіндік береді. Кен орнын моделдеу: Цифрлы Twin технологиясы көмегімен кен орындарының виртуалды модельдері құрылады, бұл өндіру процестерін болжауға және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Автоматтандыру: Пайдаланылатын автоматтандырылған жүйелер мен робототехника мұнай-газ өндіру процесін басқаруда өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Кілт сөздер: Интеллектуалды технология, цифрлық инфрақұрылым, цифрлық индустрия

nbsp;

DOI

ҰНТАҚТЫ ӨҢДЕУ ҚИЫН МАТЕРИАЛДАРМЕН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН БЕТТІ ТЕГІСТЕУ

Баширов Расим Джавадович, Зәкенов Сембіғали Төрешұлы,

Аббасов Вагиф Аббас оглы, Нұршаханова Ләззат Кульжановна 

 Әзірбайжан техникалық университеті, Баку қ, Әзірбайжан

 Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті,

Ақтау қ, Қазақстан

 

 

Андатпа. Мақалада ұнтақты өңдеу қиын материалдармен қалпына келтірілген бетті тегістеу үшін импрегнирленген абразивті дөңгелектерді қолдану қарастырылады. Жұмыста кеме қозғалтқыштарының цилиндрлерін бастапқы мөлшеріне дейін қалпына келтіргеннен кейін ішкі тегістеу кезінде, құрамында никель, хром, темір және т. б. бар ПГ-СР2, ПГ-10Н-0.2 маркалы ұнтақ материалдарымен өрескел беттің пайда болуы зерттелді. қалпына келтіру процесінде цилиндрлердің бетінде арнайы қорғаныс металл қабаты пайда болады, оны өңдеу өте жоғары қиын. Сондықтан кеме қозғалтқыштарының қалпына келтірілген цилиндрлерінің ішкі беттерін тегістеу арқылы өңдеу барлық технологиялық операцияларды қатаң сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүретін Күрделі Технологиялық процесс болып табылады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша өңделетін бөліктің айналу жылдамдығының втулканың ішкі бетінің кедір-бұдырлығына әсері анықталды, ол тегістелген тегістеу дөңгелектерімен тегістеледі. Импрегнирленген абразивті дөңгелектермен өңдеу кезінде тегістелген беттің кедір-бұдырлығы шамамен 1,5-1,8 есе азаятыны эксперименталды түрде расталды.

Кілт сөздер: тегістеу, импрегнация, абразивті дөңгелектер, кеуектілік, импрегнаторлар, сіңдіру.

DOI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНЕ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ ӘСЕРІ

Махамбетов М.Ж.*, Изимова Р., Хамит А.А., Қойшығұлова Г.У.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

E-mail: makhambetov.murat@gmail.com

nbsp;

Жайылымдар жер бетінің үлкен бөлігін алып жатқан көптеген экожүйелердің арасында маңызды және осал ресурс болып табылады. Бұл экожүйелер үнемі әртүрлі климаттық факторлардың әсеріне ұшырайды және климаттың өзгеруі олар үшін негізгі қауіптердің біріне айналуда. Атырау облысы аумағының 9612,9 мың гектарын жайылымдар алып жатыр, бұл жалпы аумақтың 81 пайызын құрайды. Бұл жерлер мал шаруашылығының маңызды көзі болып табылады. Бұл мақалада біз Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы жайылымдық экожүйелерге климаттың өзгеруінің ықтимал әсерін бағаладық. 30 жыл бойы (1992–2022 ж.) жауын-шашынның кеңістіктік-уақыттық өзгермелілігі метеорологиялық мәліметтерді пайдалана отырып зерттелді. 1992–2022 жылдардағы вегетациялық кезеңдегі (сәуір-қыркүйек) жауын-шашынның ауытқуы анықталды. Вегетациялық кезеңдегі ауаның орташа жылдық температурасы мен жауын-шашынның ұзақ мерзімді қатарларына талдаулар жүргізіліп, олардың алдағы екі жылға болжамды циклдік ауытқулары үлгіленді. Жайылым экожүйелерінің тозу нүктелері Google Earth картасы арқылы санау арқылы анықталды: 1992 жылы 622 нүкте, 2002 жылы 585 нүкте, 2012 жылы 412 нүкте және 2022 жылы бұрынғы және қазіргі мал шаруашылығы учаскелерінің 387 нүктесі анықталды. Климаттың өзгеруі жағдайында жайылымдық өсімдіктердің вегетациялық кезеңінің жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуі болжануда.

Бұл зерттеудің нәтижелері температураның көтерілуі, жауын-шашынның азаюы және басқару тарихы шабындықтардың сапасына қалай әсер ететінін көрсетеді және шабындық экожүйелеріндегі өсімдіктердің маңызды рөлін көрсетеді. Алынған нәтижелерді жайылымдарды басқарудың тиімді әдістерін, жайылым өсімдіктерін немесе экожүйелерді климаттың өзгеруіне бейімдеу тетіктерін құру процесінде пайдалануға болады.

Түйін сөздер: климат, жайылым, өзгеріс, жайылым, деградация, өсімдік жамылғысы.

DOI

ТАСТЫҚТАР ҮЛГІЛЕРІН СЫНАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕҢІЛДЕРІНЕН ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ҮШІН ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Омар Киквидзе

Акаки Церетели мемлекеттік университеті, Кутаиси, Грузия

Байсарова Гулбану

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

 

Аннотация. Анизотропты әктас жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін анықтау маңызды және кезек күттірмейтін мәселе болып табылады, өйткені карбонатты шөгінділер Маңғыстау облысының мұнай-газ кен орындарында жиі кездеседі. Мәліметтер әктас ұңғымалардың тұрақтылығына байланысты барлық мәселелердің 70%-дан 90%-ға дейін құрайтынын көрсетеді, бұл олардың физикалық-механикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты.

Әктастың физика-механикалық қасиеттерін эксперименттік зерттеулер монолиттік таңдау тұрғысынан да, зерттеуге үлгілерді дайындау тұрғысынан да, тәжірибелерді жүргізу және өңдеу әдістерінде де ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер өте төмен өткізгіштікке, серпімділік анизотропиясына және олардың қабаттық құрылымына байланысты беріктік қасиеттеріне байланысты. Қабатты әктастың керн үлгілерін сынау тәжірибесі қарастырылды, стандарттарға сәйкес шоғырландырылған-дренажсыз тиеу бағдарламасы бойынша жабдықта сынақтар жүргізіледі.

Қабат бойымен және көлденеңінен бұрышпен кесілген керн үлгілерінде жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде тау жыныстарының анизотропты серпімділік қасиеттері, сонымен қатар олардың геофизикалық параметрлерге тәуелділігі зерттелді. Серпімділік қасиеттерінің анизотропиясы континуум механикасының нақты есептерін шешу кезінде кернеу-деформация күйіне де, жалпы бастапқы кернеу өрісінің есептік мәндеріне де айтарлықтай әсер етеді. Бұл жұмыста алынған анизотропия параметрлерін есепке алу сармат кезеңінің қабаттас әктастарына қатысты геомеханика есептерін шешуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: геомеханика; анизотропия; күш; серпімділік; жапырақтану; әктас, тәжірибелік зерттеулер; монолит; негізгі.

DOI