ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

САТКЕНОВА Ж.Б.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Алматы қ.,Қазақстан

 Е-mail: zhanar_03@mail.ru

*ИСАКОВА А.С.

 Есенов университеті

Ақтау қ.,Қазақстан

Е-mail: assylymay.issakova@yu.edu.kz

Корреспондент автор: assylymay.issakova@yu.edu.kz

Аңдатпа. мақала тақырыбы бойынша бұған дейінгі зерттеулерде қарастырылмаған төмендегідей мәселелер шешімін табады: цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктері бірізді және жүйелі түрде талданады; цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне тән белгілер анықталады, олардың ұлттық кодты айқындаудағы маңызы көрсетіледі; цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың когниотиптік сипаттамалары мен прагматикалық шарттары анықталады; цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктерін талдау арқылы дүниенің ұлттық бейнесін анықтайтын тілдік құралдар сипатталады; зерттеу нысанына алынып отырған цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне тән белгілер анықталады, талданады, тұжырымдар жасалады. Аталған мақаланың идеясы осы жағынан өзекті болмақ.

Мақаланың мақсаты – цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылады: «цифрландыру», «digital natives», «дигитализация», «тілдік тұлға», «виртуалды тілдік тұлға», «дискурстық талдау» ұғымдары шетелдік және отандық зерттеушілер еңбектері арқылы зерделенеді; аталған ұғымдардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қашан пайда болғаны салыстырылады, анықтама берудегі тілдік құралдардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері анықталады; антропоцентристік парадигма аясында талданады, қорытынды жасалады; зерттеудің ұғымдық-терминологиялық аппараты нақтыланады; цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне тән белгілері сипатталады; тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жүргізіледі, оның тілдік және әлеуметтік ерекшеліктері анықталады; тілдік тұлға қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық үлгісі жасалады; тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктерінің анықтау мақсатында ғаламдорда жиі қолданылып жүрген терминдер жинақталып, лексикалық мағыналары мен қолданыстары ұсынылады.

Мақаланың ғылыми жаңалығы –цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктері алғаш рет дискурстық талдау жасалуымен анықталады. Ғаламторда қарым-қатынас жасау үлгісінің өзгеруіне байланысты: уақыт үнемдеу мақсатында сөздерді қысқартып жазу, сөздерді санмен алмастыру, бас әріпті жазуды қолданбау, тыныс белгілерінен бас тарту, есесіне эмодзи, смайликтерді пайдалану – цифрландырылған ортаға бейімделу себебінен пайда болды. Осылайша, дигитализация дәуіріне бейімделген тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктері лингвистикалық зерттеулердің жаңа бағытын ашып, жаңаша көзқараспен қарауға қажеттілік туындатты. Тілдік тұлғаға берілген анықтама әлі күнге дейін ХХ ғасыр зерттеушілерінің еңбектерінде ұсынылған тұжырымдамаларға сүйенеді. Демек, цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың ерекшеліктеріне талдау жасау, жаңа анықтама беру мақаланың жаңалығы болып саналады. Цифрландыру дәуіріндегі тілдік тұлға қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық үлгісі жасалады. Аталған құрылымдық-функционалдық үлгі өзара байланысты төрт блоктан тұрады: мақсатты, теориялық-әдістемелік, процессуалдық-мазмұндық және бағалау-нәтижелік.

Түйін сөздер: Цифрландыру, digital natives, дигитализация, тілдік тұлға, виртуалды тілдік тұлға, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, дискурс, дискурстық талдау.