Көкшеева З.Т
Ш. Есенов ат. Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау қаласы, Қазақстан,
E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz
RIMANTAS ZELVYS
Вильнюс университеті, Литва
Email:rimantas.zelvys@fsf.vu.lt
Аңдатпа: Бұл мақалада, біз мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасап, ішінара кейбір әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық. Сондай-ақ, мақалада ұсынған әдістеме негізінде алдымызға қойған болжамның дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жобалау әдісін қолдану арқылы эксперимент жұмысын жүргізіп, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастырып, одан әрі дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар берілді.
Кілт сөздер: мектепке дейінгі балалар; кіші мектеп жасындағы оқушылар; зерттеушілік іс-әрекет; сабақтастық; тәжірибе жұмысы; ғылыми жоба; жобалау әдісі;
DOI 10.56525/QZCY4429