* З.Т. Көкшеева
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және
инжиниринг университет Ақтау қ, Қазақстан
E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz
М.Қ. БАПАЕВА
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы, Қазақстан
E-mail: bapaeva.m@qyzpu.edu.kz
*Корреспондент авторы: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz
Аңдатпа. Жоғары мектеп бітірушілері болашақ жұмысы үшін қажетті кәсіби білім мен дағдылардан басқа әртүрлі кедергілерді еңсеруге және өз мақсаттарына жетуге, өмірлік күрделі қиындықтарға төтеп беруге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан, кейбір маңызды қажеттіліктердің қанағаттандырылмауынан, жетістікке жету жолындағы кедергілерге ұшырауынан сәтсіздіктен туындайтын психикалық күй – фрустрацияға әкелетін әртекті фрустраторлардың (кедергілер, тосқауылдар, тұлғаның сыртқы және ішкі болуы мүмкін проблемалар) анықталуы маңызды. Фрустрациялар адамның мінез-құлқы мен болмысына, іс-әрекетінің құрылымына жағымсыз ықпал етіп, деструктивті көріністері арқылы адамның өмір сүру сапасына, іс-әрекетінің табысты болуына, оның ішінде оқу іс-әрекетіне теріс әсер етуі әбден мүмкін.
Тұлға дамуының әр жас кезеңінде фрустрацияның әртекті көрініс беруі З. Фрейд, А. Фрейд, К. Хорни еңбектерінде анықталған. Жалпыға бірдей білім беретін мектептің оқу үдерісінде фрустрация мәселесіне арналған Г.Ф. Заремба, Е.П. Ильин, Н.Д. Левитов, М.В. Оршанская, Плотникова, Н.В. Тарабариновтың, ал студенттердің экзистенциялы фрустрациясы жайында Г.В. Акопов, Н.Л. Ю.Е. Кукина, Быковалардың еңбектерінде қарастырылады.
Аталмыш зерттеулердің нәтижелері мен өніміділігін ескере келе, студенттердің оқу әрекеті барысында фрустрация күйін кешіруі оның деструктивті ықпалын жою және төмендету түрінде еңсеруі, ары қарай да зерттеу мен ұғынуды талап ететінін мойындауымыз керек.
Бұл мақалада, біз студенттерде болатын фрустрация күйін тудыратын себептерді анықтау мақсатында фрустрация ұғымын, оның түрлері мен ерекшеліктерін зерттеген ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасай келе және қиындықтарды еңсеру амалдарына арналған зерттеулерге тоқталамыз. Сондай-ақ, мақалада психологиялық қолдау феномені талданады. Соның ішінде көмек, қолдау, психикалық бұзылулардың алдын-алу әрекеттері, фрустрацияның алдын-алу, оқу процесінде жағымсыз реакциялар тудыратын фрустраторлардың ықпалына жол бермеу әсерін реттеу, болдырмау, студенттер жеңілген қиындықтарды еңсерілмейтін кедергі ретінде қабылдамауы үшін, олардың қиындықтар туралы дұрыс идеяны қалыптастыру мәселесі егжей-тегжейлі талданады.
Сонымен қатар, фрустрацияны жеңуде студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде, тәжірибеде қолданылған тиімді диагностикалық әдістерді қарастыра келе, тиімді кеңестер мен ұсыныстар береміз.
Кілт сөздер: студенттер, фрустрация, фрустратор, психологиялық қолдау, әлеуметтік фрустрация;
DOI 10.56525/GBMF1758