ТУГЕЛБАЙ А.Ә.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: Aibek.tugelbay@yu.edu.kz
Аннотация. Заманауи өмір ағысында әлем билігінің ақпараттың қолына өтуі бізді ойландыруы тиіс. Адамзат бір-бірінсіз, өзара қатынас әрекетінсіз өмір сүруі мүмкін емес болғандықтан, ақпараттық тасқын ауа сияқты қажеттілікке айналды. Мемлекет азаматтарын соңына ерту үшін бір ғана пікір көшбасшысының ойы мен пікірі жеткіліксіз, оған деген тәуелділік артып, көпшіліктің зерттеу, сыни ойлау қабілеті төмендеп кетті. Сондықтан мемлекетіміздің тарихи дамуын, санасын, азаматтарымыздың рухани болмысын, қазақтың сана болмысын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды насихаттау мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселеге айналды. Өйткені ұлттың рухани болмысын анықтап, сана болмысын шегелеу арқылы ұлттық идентификациямызды сезінуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде ұлтты ұйыстырудағы ең үлкен инструмент дер едік. Сол себепті қазақтың ұлттық идентификациясын анықтау мақсатында қазақтың сана болмысын отыз жылдан астам зерттеп жүрген үлкен ғалым, философ Ғарифолла Есімнің философиядағы тұжырымдамалары мен еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми еңбектеріне түсіндірме жасауды мақсат тұттық.
Жұмыстың маңыздылығы ғалымның қазақ философиясының ірі өкілдерінің бастау тарихының қайдан шыққаны туралы, ұлт болмысының бас идеологы Абай шығармашылығын талдаған еңбектері мен зерттеулеріндегі ойлар және ғылыми әлеуетін сипаттайтын жиырма томнан асатын еңбектерін бөліп қарастырып, ондағы жүйелі ойларды көрсетуде жатыр.
Академик Ғарифолла Есімнің шығармашылығы туралы жалпы түсінікті қысқаша формуламен қалай түсіндіруге болады? Біздіңше, заман тынысы, сана болмысы, қазақ философиясының қосындысынан шыққан «ғылыми проза» көптеген тарихи деректерді ізденуші, талаптанушы жас ғалымдарға жүйеленген ізбен қоғам өмірінде орын алған саяси, мәдени және қоғамдық-тарихи мәселелерді баяндап, ғылыми баға береді.
Кілт сөздер. Философия, сана, болмыс, таным, адам, ұлт, ұлттық идея, сана болмысы, жаңаша ойлау , білім,
DOI 10.56525/IHED9094