МАУЛИНА Н.Х.
Қазақ ұлттық Әл-Фараби университеті,
Алматы қаласы, Қазақстан
e-mail:n.maulina@alt.edu.kz
nbsp;
Андатпа. Мақалада Қазақстандағы азық-түлік көтерме сауда нарығының инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөліктері талданады. Авторлар аймақтық контексте бөлшек сауда нысандарына жан-жақты шолу жасап, тұрғындарды сауда алаңдарымен қамтамасыз ету деңгейін бағалайды. Зерттеу объектілері ретінде заңды тұлғалардың саудадағы құрылымы, өңірлердегі жұмыспен қамту, сервистік-дайындау орталықтары, көтерме сауда орталықтары, ірі объектілердің бөлшек сауда алаңдары, ауылдық жерлердегі базарлар мен мамандандырылған базарлардың техникалық жабдықталуы қарастырылады. Сондай-ақ, тауар биржаларының жұмысы және тұрақтандыру қорларына өнім сатып алу мәселелері де зерттеледі.
Мемлекет азық-түлік нарығында негізгі рөл атқаруды жалғастыруда, авторлар Қазақстан Үкіметі азық-түлік саудасында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтеді. Талдау барысында мемлекеттік араласуды қажет ететін бірқатар мәселелер, сондай-ақ логистика мен делдалдық қызметті жақсарту қажеттілігі анықталды. Авторлар тауар биржаларының, мобильді сауданың дамуымен қатар, заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын да атап өтеді.
Кілт сөздер: сервистік-дайындау орталықтары, тауар биржалары, бөлшек сауда, тұрақтандыруқоры, көкөніс қоймалары, мамандандырылған базарлар, кэшбэк қызметі, азық-түлік қауіпсіздігі, саудадағы жұмыспен қамту, бағаны тұрақтандыру жол картасы.
DOI 10.56525/NEOK2735