ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

*З.Т. КӨКШЕЕВА
Ш. Есенов атындағы Каспий
технологиялар және
инжиниринг университет
Ақтау қ, Қазақстан,
E-mail: zaini.koksheyeva@yu.edu.kz

Аңдатпа. Мақалада осы проблеманы зерттеуге үлес қосқан ғалым-педагогтардың еңбектері, зерттеу жұмыстары зерделеніп, тұжырымдар жасалды, жалпыға бірдей білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдауда кәсіптік бағдар беру жұмыстарының түрлері мен оларға болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар берудің мазмұны, негізгі бағыттары мен түрлері баяндалды. Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр баланың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімділігі ашып көрсетілді. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды негіздейді. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасу мазмұны айқындалып, кәсіпкерлік қызметті дамытудың маңыздылығы туралы қорытындылар жасалды.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда кәсіптік бағдар беру жұмыстарының түрлері: кәсіптік ақыл-кеңес беру, кәсіптік ағарту, оқушылардың жеке басын зерттеу т.б. бағыттары бойынша нақты баяндалады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарға байланысты мамандық түрін анықтау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмысындағы әдістемелер мен олардың қорытынды нәтижелері, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Кілт сөздер: жоғары сынып оқушылары, кәсіп, кәсіптік бағдар, кәсіптік кеңес беру, мамандық таңдау, жоғары оқу орны.

DOI 10.56525/AMUT2647