С.Т. СПАТАЕВА
Ш. Есенов атындағы
Каспий технологиялар
және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: saltanat.spatayeva@yu.edu.kz
Аңдатпа. Қазақстан мен Орталық Азияда дүниеге келген шежірелік сипаттағы жазба мұралардың ономастикалық бірліктерінде сақталып қалған көне тарихи ақпараттарды, тілдік бірліктерді анықтап, олардың қазіргі қазақ тіліндегі нұсқалары зерттелді. Жазбалардағы ономастикалық бірліктерді лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және олардың шығу тарихы, көне түркі жазбаларымен байланысын сөз ете отырып, қазақ тілінің түркі тілдері арасындағы орнын анықтап, өзімізге қатыстысын жинақтап алу бүгінгі күн талабы. Сондай-ақ, ономастикалық бірліктердің сол кезеңге тән грамматикалық заңдылықтарға сәйкес, яғни түбір сөзден жасалуы мен грамматикалық категориялар арқылы жасалуына назар салынды.
Кілт сөздер: Ономастика, антропоним, этноним, топоним, лексика, семантика, түркі есімдері, қазақ есімдері, шежіре т.б.
Кіріспе. Күллі түркі жұртының қара шаңырағы, Тұран даласының толқымалы талай тарихын басынан өткерген Қазақ даласы бүгінде жоғын түгендеп, барын жүйелеп жатқан жайы бар.
DOI 10.56525/CSRH9667