ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ MAGIC SCHOOL ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

*Э.А. АБДЫКЕРИМОВА

Есенов университеті

Ақтау қаласы, Қазақстан

E-mail: elmira.abdykerimova@yu.edu.kz

А.М. ДҮЙСЕКЕНОВА

Есенов университеті

Ақтау қаласы, Қазақстан

E-mail: aray.duisekenova@yu.edu.kz

Корреспондент автор: elmira.abdykerimova@yu.edu.kz

Аңдатпа. Бұл мақала жасанды интеллект негізіндегі Magic School платформасында оқытудың инновациялық әдістерін және олардың тиімділігін талдауға арналған. Бүгінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану оқу үдерісін жекелендіруге, білім алушылардың қажеттіліктерін ескеруге, сондай-ақ білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Magic School платформасы білім алушылардың қабілет деңгейіне сәйкес келетін оқыту бағдарламаларын ұсынады және оқытушыларға оқу барысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мақалада инновациялық әдістердің, мысалы, адаптивті оқу, дербестендірілген тапсырмалар мен ойын элементтерін қолдану тиімділігі зерттеледі. Платформаның негізгі функциялары, оның ішінде білім алушылардың оқу нәтижелерін талдау, оқу мазмұнын адаптациялау, интерактивті құралдарды қолдану арқылы мотивацияны арттыру сияқты мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар, платформа арқылы алынған деректерді талдау білім алушылардың жетістіктерін бағалауға және оқыту стратегияларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Magic School платформасында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға және оқу барысына оң әсер ететінін көрсетеді. Мақала арқылы білім беру жүйесін жаңғыртуда жасанды интеллекттің әлеуеті көрсетілген. Мақала оқытушылар мен білім беру ұйымдары үшін пайдалы ұсыныстар мен идеяларды қамтиды, сонымен қатар білім берудің болашағына көз жүгіртеді.

Түйін сөздер: жасанды интеллект, Magic School платформасы, инновациялық әдістер, интерактивті оқыту.