МАҢҒЫСТАУ САКРАЛДЫ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ПЕТРОГЛИФТЕР МЕН РУЛЫҚ ТАҢБАЛАР

МЕТИН ЕКИЧИ

Эге университеті, Измир, Түркия

e-mail: mekici@yahoo.com

Ж.О.АРТЫҚБАЕВ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан.

 Е-mail: socantropology@mail.ru

*Б.И.НҰРДӘУЛЕТОВА

Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан.

  Е-mail:  nurdauletova@mail.ru

 

Аңдатпа. Сонау жоғарғы палеолит дәуірінде пайда болып, қазіргі заманға келіп кеткен жартастағы суреттер мен жазу-сызулар – бір жағынан, оларды салған адам баласының рухани жан-дүниесін көрсететін «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы  үшін теңдессіз дерек көздерінің бірі болып табылады. Себебі таңбалы тастар біздің ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет- ғұрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортамен қарым қатынасы мен рулық-тектілік идентификациясына және тағы да басқа іс-әрекеттеріне байланысты мағлұматтар береді.

Қазақтың даласы осындай мағлұматтарға толы таңбалы тастардың жиынтық орындарының көптігі бойынша Еуразия континентінде алдыңғы орындардың бірін алады. Маңғыстау петроглифтерінде ең көп кездесетін бейнелердің бірі – таңба және ұқсас бейнелер.

Мақалада Маңғыстау мен Үстіртте кездесетін таңбалар жиынтығы, петроглифтер мен символдық бейнелер, олардың танымдық мәні, таңбалық қызметі талданады.

Түйін сөздер: Таңба, символдық бейнелер, петроглифтер, Маңғыстау, пиктография, қабіртастар.