ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ КОНТЕКСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА

ДАРКЕМБАЕВА Р.Д.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ., Алматы, Қазақстан

ОЗЕКБАЕВА Н.А.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ., Алматы, Қазақстан

*САМЕТОВА Ф.Т.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

ДЕМЕУБЕКОВА К.К.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ., Алматы, Қазақстан

nbsp;

nbsp;

Аңдатпа. Мақаланың мақсаты – техникалық ЖОО-дағы практикалық орыс тілі курсын оқыту барысында сыни ойлауды дамыту технологиясын пайдалану тәжірибесін сипаттау. Мақалада орыс тілі пәнінің практикалық сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясын (СОДТ) қолданудың ұтымды жолдары қарастырылады. Бірінен соң бірін алмастырып отыратын оқыту сатылары («ой туғызу – пайымдау – рефлексия») негізінде авторлар жасаған СОДТ тәсілдерінің жіктелімі жоғары оқу орындарының тәжірибесінде табысты түрде қолданылып келеді. Сыни ойлауды дамыту технологиясында сұрақтармен жұмыс істеу дағдысын меңгертетін амал-тәсілдер маңызды орын алады. СОДТ білім алушылардың ойлау белсенділігін дамытатын жауаптарды іздеуге итермелейтін сұрақтарға бағдарланған.

Рефлексия жасау кезінде білім алушылар алынған мәліметтерді талдап, өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын негіздейді. Бұл сатыда меңгерілген ақпаратты жазбаша нысанға аудару мақсатқа сай келеді, себебі вербализация процесінде жаңа ақпаратты пайымдау жүзеге асады. Осы қарастырылып отырған аспектіде білім алушыларға алған ақпараттан қорытынды шығара білуді үйретудің маңызы зор.

Орыс тілі пәнінің практикалық сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясының амал-тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің оқу қызметінің шығармашылық сипатын арттырып, нәтижелі ету мүмкіндігі туындайды. Қисынды құрастырылуымен және нақты тапсырмалардың үйлесімді реттілігімен ерекшеленетін осындай сабақтарды ұйымдастыру білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытып, оларды ақпаратты ойланып отырып оқуға және ақпаратты санасына мұқият сіңіруге, ақпаратты жүйелеуге және талдауға, мәселелерді тұжырымдап, оларды шешуге, ұғымдармен жұмыс істеуге, дәлелді негіздемелер айтып, пікірталас жүргізуге, жаңа ақпаратты түсіндіріп, шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге және рефлексия жасауға үйретеді.

Орыс тілі сабақтарында СОДТ амал-тәсілдерін пайдалану студенттердің дәлелдерді сыни әрі объективті түрде қарастыру негізінде белгілі бір идеяның құндылығын анықтау білігін қалыптастыруға септігін тигізеді.

 

Түйінді сөздер: үлгілік оқу бағдарламасы, орыс тілі, сыни ойлауды дамыту технологиясы, рефлексия, инновациялар, парадигма, жоғары техникалық білім, жоғары оқу орнындағы сабақтар.

DOI 10.56525/FIUA9623