ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ КАТАЛИЗАТОРЫ: ЖАН-ЖАҚТЫ ЭКОЖҮЙЕНІ ҚҰРУ

Сабирова Рысты Қуандыққызы

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Х. Досмұхамедов атындағы АУ,

Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

Аңдатпа. Жастар кәсіпкерлігі экономикалық өсудің, инновацияның және жұмыс орындарын құрудың негізгі факторы болып табылады. Дегенмен, көптеген жастар өз бизнесін бастауға тырысқанда үлкен кедергілерге тап болады, мысалы, тәжірибенің, қаржылық ресурстардың, байланыстардың және қажетті дағдылардың болмауы. Бұл мәселенің шешімі жастар кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ететін жан-жақты экожүйені құру болуы мүмкін.

Жастар кәсіпкерлігінің экожүйесі-бұл білім беру бағдарламаларын, қаржылық қолдауды, тәлімгерлікті, желіні және басқа да қажетті ресурстарды қамтитын өзара байланысты элементтер жиынтығы.

Кілт сөздер.  Кәсіпкерлік, инновациялық инфрақұрылым, инкубаторлар, краудфандинг, салықтық жеңілдіктер, коммуникация және тәуекелдерді басқару, бизнес-үдеткіштер, үдеткіш.

DOI 10.56525/MPDY7284