Орынбасар Мақсым, Жумадилова Мереке Бапановна, Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Аңдатпа. Мақалада Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллекттің (ЖИ) әсері және оның оқыту мен басқару процестерін түбегейлі өзгерту мүмкіндігі талқыланады. ЖИ-ды үлкен деректерді талдауда қолдану арқылы педагогтар студенттердің оқу үлгерімін тереңірек түсініп, олардың нәтижелерін болжауға және академиялық жетістіктерді арттыру стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік алады. ЖИ сондай-ақ жеке оқытуды жетілдіруге ықпал етеді, әрбір студентке оның білім деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген оқу материалдарын ұсынады. Әкімшілік процестерді автоматтандыру, мысалы, сабақ кестесін жасау және бағалау сияқты міндеттерді жеңілдету арқылы білім беру мекемелерінің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Мақалада ЖИ енгізудің артықшылықтары мен қиындықтары, соның ішінде цифрлық теңсіздік, заманауи технологияларға қолжетімділік және мұғалімдердің кәсіби дамуының қажеттілігі мәселелері кеңінен қарастырылады. Студенттердің деректерін қорғауға қатысты этикалық аспектілерге ерекше назар аударылды. Халықаралық тәжірибеде білім беруде ЖИ-дың табысты енгізілу мысалдары келтіріліп, Қазақстан үшін пайдалы ұсыныстар жасалды. Білім беру инфрақұрылымына инвестиция салу және цифрлық дамудың негізгі бағыттары анықталады.
Кілт сөздер: жасанды интеллект, үлкен деректер, білім беру, Қазақстан, жекелендірілген оқыту, автоматтандыру, деректерді талдау.
DOI 10.56525/KFGK8889