Узбекова Г.И., Саметова Ф.Т.
«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті», Ақтау, Қазақстан
nbsp;
Аңдатпа. Цифрлық технологиялар қоғамның күнделікті өмір салтына үлкен өзгерістер енгізді. Қазіргі таңда үнемі жаңарып отыратын ақпараттың ағынын бақылау өте қиын, сол себепті адамға күн сайын көптеген ақпаратты ой елегінен өткізіп, олардың ішінен тек сенімділерін таңдай білу керек. Ақпаратты цифрландыру цифрлық технологиялармен жұмыс істей білу дағдыларына деген қажеттілікті тудырады. Бүгінгі таңда цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру өзекті тақырыптардың біріне айналуда.
Бұл мақалада әдебиет сабақтарында оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Біздің зерттеуіміздің мақсаты – цифрлық технологияларды қолдану арқылы жоғары сыныптардағы әдебиет сабақтарында цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын анықтау. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, біз зерттеу нысаны мен пәнін анықтадық. Зерттеу нысаны – әдебиет сабақтарындағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Зерттеу пәні – әдебиет сабағында ИКИ арқылы қалыптасатын цифрлық құзыреттер.
#8220;Цифрлық құзыреттілік#8221; ұғымының мәнін анықтай отырып, біз #8220;цифрлық сауаттылықты#8221; қалыптастыратын кейбір құзыреттерді бөліп көрсетеміз. Зерттеу жұмысында сонымен қатар жоғары сынып оқушыларынан (15-17 жас) алынған сауалнама нәтижелеріне талдау жасалды. Мәселені анықтай отырып, біз дидактикалық мәселені шешуге көмектесетін бірнеше платформалар мен тапсырмаларды ұсындық. Цифрлық құзыреттілікті қалыптастыруда мұғалімнің негізгі көмекшілері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. Зерттеу жұмысында мысал ретінде орыс әдебиеті сабағында қолдануға болатын бірнеше білім беру сайттары (платформалары) көрсетіліп, #8220;цифрлық құзыреттілікті#8221;қалыптастыру әдістері талданады.
Негізгі сөздер: цифрлық құзыреттілік; әдебиет сабағы; цифрлық технологиялар; жоғары сыныптар; АКТ; әдістеме.
DOI