МАҚТЫМҚҰЛЫНЫҢ ӨЛМЕС ЖЫРЛАРЫ

Қамарова Н.С.

 Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

nbsp;

Аңдатпа. Бұл мақалада түркменнің классик ақыны Матымқұлы поэзиясының ерекшеліктері айтылады. Мақтымқұлы поэзиясы мен Абайдың, Мағжанның өлеңдеріндегі ой мен образдар салыстырылады. Көптеген тілдерге аударылған Мақтымқұлы жырлары – ауыз әдебиетінен нәр алып, халық даналығымен сабақтасқан жаңа сипаттағы, мәні зор поэзия. Мақтымқұлының мұрасымен көршілес жатқан қазақ елі де бұрыннан таныс екені белгілі. Ертеректе ел арасында ауызша таралып келген Мақтымқұлы жырлары кеңестік кезеңде жеке жинақтар болып жарияланды. Мақалада Мақтымқұлы шығармаларын  Ғ. Орманов, Ғ.Қайырбеков, Д. Қанатбаев, С. Нұржан сияқты белгілі ақындардың тәржімалағаны айтылып, ақынның қазақша аудармаларындағы өмір, адамгершілік туралы, отандық, азаматтық рухтағы жырлары талданады. Ақынның философияға толы өлеңдері халық арасында нақылға айналып, терме болып ауыздан ауызға таралып келе жатқаны да Мақтымқұлы мұрасының құндылығын айқындай түспек.

Бұл мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша «Түркі халықтарының авторлық ауызша поэзиясы: генезис, типология, поэтика» жобасы аясында дайындалды. (ИРН АР14869710)

Түйін сөздер: Түркмен әдебиеті, Мақтымқұлы Пырағы, өміршең жырлар, Мақтымқұлы мен Абай, Мақтымқұлы мен Мағжан, Мақтымқұлы жырларының аудармасы.

DOI