ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ А.СОПЫБЕКОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

*Ш.С. Абишева1, А.С. Битикова1, А.Кенбаева2, Б.Ә.Көшімова1

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан

М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті

 

nbsp;

Аңдатпа. Мақалада балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақын Адырбек Сопыбековтің шығармашылық әлеміне шолу жасалып, қаламгердің ұлттық балалар поэзиясындағы қолтаңбасы айқындалады. Автор А.Сопыбековтің фантастикалық поэмаларына, өлеңдері мен балалар поэзиясының үздік үлгісі саналатын басқа да таңдаулы туындыларына талдау жасап, олардың тақырыптық, көркемдік-идеялық ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. Ұлт тәуелсіздігі тұсындағы балалар поэзиясы – көп зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі. Осы бағытта айтарлықтай еңбек еткен ақындардың шығармашылық лабораториясына үңіліп, сол арқылы қазіргі балалар поэзиясының бағытын, беталысын зерделеу, тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін, көркемдік қырлары жайында тұжырымдар жасау ұлттық әдебиеттану ғылымының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адырбек Сопыбековтің балаларға арналған туындылары туралы баспасөз беттерін­де құнды пайым-пікірлер айтылғанымен, қаламгердің шығармашылық портреті қазақ әдебиеттану ғылымының аясында арнайы қарастырылған емес. Мақала авторы ақынның шығармашылығын кеңінен саралап, сол арқылы оның өзіне тән жазу машығына, көркем туындыларын балалар табиғатына лайықтап жеткізудегі қаламгерлік шеберлігіне, тәлім-тәрбиелік мәніне баға береді.

Кілттік сөздер: қазақ балалар әдебиеті, поэзия, фантастикалық поэма, тәрбие, ұлттық құндылықтар, көркемдік ізденістер.

DOI 10.56525/INSK6001