АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВТЫҢ САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ

ТӨРТКҮЛБАЕВА Т.Ә.

Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті

Нөкіс қ., Қарақалпақстан

E-mail:  ttabdigaziqizi@mail.ru

nbsp;

Андатпа. Асқар Тоқмағамбетов – қазақ әдебиетіндегі, әсіресе сатира саласының майталман өкілі, жемісті еңбек еткен, тәжірибелі авторы болды. Қаламгердің бұл салада еңбектене бастаған жас ақындарға, фельетоншыларға тигізген әсері мол. Кейін халық арасына есімдері кең тараған, белгілі сатирашы Шона Смаханұлы , Оспанхан Әубәкіров, Мыңбай Рәшев сияқты көп ақындарымыз Асқар Тоқмағамбетовтан көп өнеге, үлгі алды.

Асқар Тоқмағамбетовтың сатирасы қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай тәрбиелік қызмет атқарған болатын. Өз дәуірінде Асқардың сатиралық туындылары халықтың  кең ықыласына бөленген, қолдау тауып отырған. Отанымыздың ауылдары мен қалаларында Асқардың фельетондары, сықақ өлеңдері мен памфлеттері жұртшылыққа кең таралып, ауыздан-ауызға көшіп жүрген, сахналарда орындалып, күйтабақтарға жазылған.

Асқар Тоқмағамбетов қазақ әдебиетіне, оның ішінде сатира жанрының қажет екендігін айтып, сын мен сықақ жанрына өте жоғары талап қойған болса, өзі де  бірнеше жыл бойы осы міндетке адал болды, сол жолда бүкіл ақыл-ойын, парасат-қабілетін тежеп қалмай тебірене қалам тербеді. Жаңаша өмір орнатуда етектен тартып, балақтан басар, заманагөй мораль, этика, тұрмыс-салт мәселелеріне қарама-қайшы келетін нәрсенің барлығын аяусыз, пышақтың жүзіндей өткір тілмен әшкереледі. Мақалада Асқар Тоқмағамбетов сатирасы жүйeлі, жан-жақты талданып, пaйымдaлады.

Кілт сөздер: поэзия, сатира, дәстүр, жаңашылдық, әдебиет, юмор, сарказм, күлкі, диалог, сахна.

DOI