АҚЫШЕВТЫҢ «ЖАЯУ МҰСА» РОМАНЫНДАҒЫ МҰСА БАЙЖАНҰЛЫНЫҢ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ӨНЕР ТАҚЫРЫБЫ

Абишева Шарапат Сабитовна

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

Юсимбаева Салиха Хасановна

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

Кошимова Бибатпа Амирхановна

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

З. АҚЫШЕВТЫҢ «ЖАЯУ МҰСА» РОМАНЫНДАҒЫ

МҰСА БАЙЖАНҰЛЫНЫҢ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ӨНЕР ТАҚЫРЫБЫ

Аңдатпа. Кез келген халықтың рухани дүниетанымының өлшемі оның материалдық байлығымен, экономикалық жетістігімен емес, ұрпақтан ұрпаққа жетер әдебиетімен, өнерімен дәріптеледі. Бұған тарихтан мысалдарды, деректерді көптеп келтіруге болады. Адамзат баласының өркениет бесігіне айналған ежелгі Грек, Рим мемлекеттерінің қымбат қазынасы, мирас-мұралары – сол тұста ғалымдар мен қаламгерлер қаламынан туған еңбектердегі өнер тақырыптары еді. Ұлт тарихында Қорқыт бабаның қобызынан туған күйдің күмбірі мен оның айтқан өсиеттері өнер мен әдебиет әлемінің қайнар көзі, тұнық бастаулары ғұламалар Ж. Баласағұнның «Құтты білік», А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», М. Хорезмидің «Махаббатнама» т.б. еңбектері жазылған тұста да үзілген жоқ. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихында жасалған баға жетпес өнері, құнды дүниелері күні бүгінге дейін зерттелу үстінде. Кезеңінде оқығаны жоқ болса да, тоқығаны көп шын таланттар біздерге ғажап ән, әдемі күй, шынайы өнер сыйлап елді өнерімен ұйыта білді. Аспандағы аққуды қобыздың үні арқылы жерге түсірген Ықылас күйші, домбырамен ботасы өлген нарды идірген Боғда, әнші Әсет, Естай, Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан серілер, дәулескер күйшілер Құрманғазы, Дина, Түркеш, Тәттімбеттер халық арасынан шыққан үздік таланттар екені баршамызға ақиқат. Осы орайда қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған әдеби-мәдени мирас-мұралары, жәдігерлері, өнер құдіреті, сал-серілік дәстүр, күй өнері мен күйші туралы аңыз бен ақиқат, тарих пен таным иірімдері жанрлық-көркемдік тұрғыдан биік бел-белестерге көтерілген. Ұлт тарихы үшін қазақ  даласында  қайталанбас  өнерімен ізі қалған, атағы аңызға айналған, қара  халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап қуғынға түскен, қазақ өнерінің қайталанбас өкілі, әнші, композитор Мұса Байжанұлының өмір жолы мен шығармашылығының ерекше маңызды зор. Бұл мақалада халқымыздың тарихындағы өнерпаздар өмірін, табиғи талантын баяндаған көркем туындылардың маңызы мен олардың ұлт руханиятындағы орнына баға беріледі.

Түйінді сөздер: өнер, ақын, өнерпаз, ұлттық құндылықтар, поэзия, дәстүр жалғастығы, ішкі монолог, диалог, авторлық баяндау, мазмұн мен идея.

UDC 82.09 (574)

ICSTI 17.09.91

DOI 10.56525/XLJQ6478