XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Л.Т. ДЖУМАЛИЕВА

С. Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық зерттеу университеті

Астана қ, Қазақстан

 

 Аңдатпа. Бұл мақалада Алашорда ұйымының алдына қойған киелі арманын нақты шындыққа айналдыру жөніндегі ұлттық ұлы миссияның көшбасшылары бола білгені туралы баяндалған. XX ғасырдың басындағы қалыптасқан қазақ зиялыларының мемлекетті басқару ісіне араласуы, саяси белсенділігінің шарықтау шегіне жеткендігі көрсетілген. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ұлттық құндылықтарды қорғау басты мақсат болғанын, олар xалқына деген тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінде көмегін аямағанын, халықтың жеке өз бостандығына деген құқығы, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күрескені қарастырылған.

Кілт сөздер:қазақ зиялылары, Алашорда, қоғам, интеллигенция, идея.

DOI