ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

*АЛМАҒАМБЕТОВА А.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қызылорда қаласы, Қазақстан

E mail: aldajarovna_1971@mail.ru

ӘБІТАЕВА Ұ.Ә.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қызылорда қаласы, Қазақстан

E mail: ulbosyn_abitaeva@mail.ru

МАЛИБЕКОВА У.Т.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қызылорда қаласы, Қазақстан

E mail: ulmashka_89@mail.ru

*Корреспондент авторы:aldajarovna_1971@mail.ru

 

Аңдатпа. Заманауи білім берудегі ең маңызды мәселелердің бірі –оқушыны білім алудағы кәсіби ақыл-ой еңбегіне дайындау. Осы мәселені толығымен шешу үшін оқытудың жобалық-іс әрекет технологиясын белсенді түрде қолданудың қажеттілігі туындап отыр. Бұл оқушыларды зерттеудің алғашқы іс-әрекеттерін меңгеруге баулу арқылы оларды болашақ ғылыми зерттеулерге тарту болып табылады. Жоба әдісін қолдану нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлайтын, жаңа идеяларды ойлап табатын, ұтымды әдіс-тәсілдер ұсынатын, ақпараттарды пайдаланып, өңдеп, іріктей алатын, әр түрлі ортада барлығымен  жақсы қарым-қатынаста бола алатын, жеке басының мәдени, рухани, адамгершілік тұрғысынан жан-жақты өздігінен  дамуы үшін  еңбектенетін шәкірт тәрбиелеп қалыптастырады. Жоба әдісі- мұғалімнің бақылауы мен бағыттауы арқылы жүзеге асырылатын,  оқушының шығармашылық тұрғыда көрсете алу мүмкіндіктеріне негізделген, оның зияткерлік және  шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін дамытатын оқыту жүйесі. Жобалық іс-әрекеттің басты мақсаты білім алушыларға мынадай мүмкіндік жасау: меңгеру керек білімді әр түрлі дерек көздерінен ықыласпен, өздігінен ала отырып, жоба мақсатына қарай ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында өздерін әр түрлі жағдайларда сынап көруіне; түрлі практикалық және танымдық мәселелерді шешуде меңгерген білімдерін қолданауға үйренеді (яғни жобадағы мақсат пен оған жету шарттарын салыстыруға); ұжымда, топта тіл-табысуға, келісімде жұмыс істеуге, яғни коммуникаивті дағдыларын қалыптастырады зерттеу дағдылары қалыптасады; -жүйелі ойлау дағдысын дамытады, жоспарланған жобаны өз мүмкіндіктерінің деңгейін ескере отырып, жүзеге асырудың іс-әрекетінің бағдарламасын құрастырады. Жобалық іс-әрекет әдісінің негізінде оқушының танымдық қызығушылығы, өзіне қажет білімді өздігінен меңгеру іскерлігі, ақпараттық кеңістікте өзіне қажет ақпаратты іріктей алу мүмкіндігі, сыни тұрғыда ойлай алуының дамуы, зерттеу жұмысын жүргізе алу дағдысы мен іскерлігі жатыр.

nbsp;

Түйінді сөздер: оқушының ғылыми-зерттеу жұмысы, жоба әдісі, сыныптан тыс жұмыстар, оқушының шығармашылық жұмысы.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Пахомова И.Ю. Метод учебных проектов в образовательном учреждении: Пособие для учителей и студентов педагогических вузов. – М.: АРКТИ, 2003.
  2. Проектные технологии на уроках и во внеурочной деятельности. // Народное образование. - №7. – 2000.
  3. Алмағамбетова А.А., Жарылгапова Д.М., Әбітаева Ұ.Ә.Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту/. «QAZAQTANÝ» республикалық журнал. №І . 21.02. 2019. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. 194-198б.б.
  4. Алмағамбетова А.А., Ақышева Қ.Д. Оқушылардың физикадан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдатырудың ерекшеліктері. Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. 30.04.2021 ж.Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы ҚУ. ISBN 978-601-02-037-7 . 370-374б.
  5. Алмағамбетова А.А., Алмағамбетова Л.А., Кенжеев Е.С Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер. Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары. 30.04.2021ж. Қызылорда. Қорқыт Ата атындағы ҚУ. ISBN 978-601-02-037-7

ӘОЖ 371.124:53(042.4)

DOI 10.56525/ORBN8302