КӨНЕ РИМДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИЛІКТІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫНДА ТУА БАСТАҒАН ТАРИХИ ТУЫНДЫЛАР

ҚОБЛАНОВ Ж.Т.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ, Қазақстан

E–mail: zholaman.koblanov@yu.edu.kz

*КАРИМСАКОВА Б.А.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ, Қазақстан

E–mail: baktygul.karimsakova@yu.edu.kz

 *Автор корреспондент: baktygul.karimsakova@yu.edu.kz

Аңдатпа. Мақалада Көне Римдегі алғашқы тарихи туындылардың пайда болуы, нағыз ғылыми тарихи шығармалардың республика дәуірінің соңғы жылдарында туа бастауы, Юлий Цезарьдың «Галлия соғысының естеліктері», «Азамат соғысының естеліктері» тарихи мемуарлық туындылары, бұл туындылардың жазылу мақсаттары, ғылыми құндылығы,  Тит Лукреций Карр, неотериктер қозғалысы,  Гай Валерий Катулл шығармашықтары маңызын пайымдауға арналған. Лукрецийдің «Бұйымдар қасиеті» поэмасы, поэмадағы Эпикур  философиясының мәні, ақынның сол дәуірдегі діни нанымға көзқарасы, өзіндік дүниетанымы кең түрде талданады. Мақалада дәуір шындығына сын көзбен қараған дарынды қаламгер ой-пікірлерінің идеялық бағытын, оны баяндаудағы қаламгер шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Осы дәуірлерде Римдегі ішкі тартыстар мен ұрыстар ескі республикалық биліктің мүлдем қирауына, кейбір билеушілердің жеңіске жетуіне кең жол ашты.  Неотериктер өз еңбектерінде эллин әдебиетінің заңдарын, әсіресе сол дәуірдің ұлы ақыны Каллимах шығармашылығын үлгі ретінде пайдаланды. Сондықтан, олар да Каллимах сияқты дастан, трагедия тәрізді көлемді жанрлардан бас тартып, кіші көлемдегі туындыларды, яғни эпилийлер, эпиграммалар, элегияларды өнеге қылып, өздері де сол жанрларда шығармалар жазды. Мақалада сонымен қатар неотериктердің көрнекті өкілі болған Гай Валерий Катулл шығармаларының өзінен кейінгі әдебиетке тигізген әсері де пайымдалған.

Кілт сөздер: тарихи туындылар, материалистік философия, поэма, неотериктер, юмор, лирикалық өлең.

DOI