ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАРЫ

ҚАБЫЛОВ Ә.Д.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

Е-mail:adilet.kabylov@yu.edu.kz

ЖАЙЛАУОВ Б.С.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

Е-mail: baktybay.zhailovov@yu.edu.kz

*Корреспондент авторы: adilet.kabylov@yu.edu.kz

Аңдатпа. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың әдеби-шығармашылық мұрасы ауқымды және жан-жақты тақырыптарды қамтиды. Түрлі жанрдағы әдеби-көркем шығармалармен қатар, жазушы публицистикалық, танымдық-зерттеу еңбектерімен де халқымыздың рухани дамуы жолында еңбек етті.  Соның ішінде қазақ халқының тарихы мен тілі, рухани болмысы мен салт-дәстүрі, мәдениеті мен көрнекті тұлғалары туралы ой-пікірлері көптеген мақалаларында, сөйлеген сөздерінде көрініс тапты. Еліміздің тәуелсіздік алуына тікелей куәгер болып, оның заңнамалық негізін жасақтауға атсалысып, жазушылық қызметпен қатар қайраткерлігімен де зор үлес қосты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына белсене араласып, оның дамуының проблемалары туралы көптеген мақалалар жазды. Қоғам мен тіл дамуының арғы-бергі тарихын зерделеп, бодандықтан бостандыққа шыққан халықтардың ана тілінің тағдыры үшін күресінің тарихынан сабақ ұсына отырып, қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, ана тілінде білім беру бағытында құнды ойлар айтты. Жазушының еліміздің тәуелсіздік алу кезеңіндегі көптеген сөйлеген сөздерінде, «Ана тілімізді ұқыпты пайдаланып, келешек ұрпаққа кемелдендіре жеткізу – абыройлы іс», «Біздің тіліміз – ең басты байлығымыз», «Тіл туралы ойлану – бәрі туралы ойлау», «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» т.б. мақалалары мен сұхбаттарында тіл мәселелерін кеңінен көтеріп, салиқалы ойларын ортаға салып отырды. Жазушының тәуелсіздік пен тіл мәселесін тереңнен қозғап, жан-жақты толғаған еңбегі – «Тіл және тәуелсіздік» атты тарихи-танымдық зерттеуі. Ол мақала-эссе түрінде 2006 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бірнеше санында жарияланып, 2007 жылы Астана қаласындағы «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген осы аттас кітапқа жеке тарау болып енген. Бұл өте дер кезінде жазылған және қоғамдағы күрделі тіл мәселесіне байыптылықпен қарап, салиқалықпен ой айтқан, мемлекеттік тіл мәселесінің маңызын ашып берген еңбек болды. Сол кездегі мемлекет басшысының тіл жөніндегі сұхбатынан кейін жазылған бұл еңбек «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген қағиданың мән-маңызын ашып, қоғам өміріндегі тілдің маңызы, оның ұлттық мемлекет құру мен қоғамды топтастырудағы орны туралы сонау ерте заманнан бергі тарихтан тартып, адамдар қауымы, қоғам, мемлекет, отарлық пен бодандық, бостандық пен тәуелсіздік секілді тірек ұғымдардың аясында Тәуелсіздіктің баяндығы үшін тіл дамуының маңызын түрлі дерек-қисындармен дәлелдейді. Мақала осы еңбектің мән-маңызын ашуға арналған.

Кілт сөздер: тіл, қоғам, тарих, тәуелсіздік, отарлау саясаты, бодандық, өркениет, тұрақты даму.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Құрманбайұлы Ш. Толғаулы тіл. / Ш.Құрманбайұлы. – Астана, 2014. – 372 б.

[2]. Шоқай М. Таңдамалы. І том./ М.Шоқай. – Алматы. Қайнар, 1998. – 512 б.

[3]. Абдрахманов С. Абыз Әбіш. Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығы туралы толғаныстар. / С.Абдырахманов. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 560 б.

[4]. Әбіш Кекілбаев. Энциклопедия. І том. Шығармашылығы. / Алматы: Арыс, 2018. – 800 б.

[5]. Байтұрсынов А. Ақ жол. / А.Байтұрсынов. – Алматы, 1991. – 208 б.

[6]. Кекілбаев Ә. Тіл және Тәуелсіздік // Кекілбаев Ә. Сыр десте. І том. Замана дидары. Көсемсөздер. / Ә.Кекілбаев. – Алматы: Нұрлы әлем, 2009. – 488 б.

[7]. Остраумов Н.К. Личные воспоминания. / Н.К.Остроумов. – Ташкент, 1891.

[8]. Бәкір Ә. Тіл тұғыры. / Ә.Бәкір. – Алматы, 2017. – 176 б.

[9]. Аймұхамбет Ж., Мырзахметов А., Әлімбаев А. / Ж.Аймұхамбет т.б.. Әдебиет теориясы. Оқулық. – Астана, 2023. – 304 б.

[10]. Мұқанов Ж. Жүз күндік жалғыздық. / Ж.Мұқанов. – Астана. Ақ Жайық, 2016. – 120 б.

[11]. Тер-Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. / С.Г.Минасова. – Алматы: «ҰАБ» ҚҚ. 2018. – 340 б.

ӘОЖ 82-7

ХҒТАР 17.07.41

DOI 10.56525/KWAZ7542