ҚАҢҒА БАБА – МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЕРТЕ ТАРИХЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

АРТЫҚБАЕВ Ж.О.

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

Астана, Қазақстан

E-mail: socantropology@mail.ru

 

Аңдатпа. Iс жүзінде жергілікті қазақтар  Ой мен Қыр деп атайтын Маңғыстау мен Үстірт аумағындағы ескерткіштердің өзіндік  сакралдық мәні бар. Олардың басым көпшілігі көне дәуірден жеткен үйіктер мен сынтастар, ортағасырлық некропольдар мен жерасты мешіттер, XV-XX ғасырларда осы аймақты мекендеген халықтардың сәулет ескерткіштері (құлпытас, қойтас, сағанатамдар және т.б.) болып келеді.

Маңғыстау өңірінің тас дәуіріндегі көне  тарихын ортағасырлармен жалғап тұрған ескерткіштердің бірі – түбектің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қаңға баба ескерткіші. Қаңға баба кешені мен осы атаудың этимологиясы бойынша зерттеулер бұл кешеннің қола дәуірінен (бұдан әрі ариан-тұрандық деген атауды қатар қолданамыз) бері белгілі  екендігін көрсетеді. Біз Қаңға баба кешенін сипаттау арқылы   Маңғыстау тарихының тұтас бір кезеңін, яғни қола дәуірі және одан кейінгі күрделі кезеңді қарастыруға болады деген пікірдеміз.

Осы мақалада  Маңғыстау облысы Қаңға баба қорымындағы көне ескерткіштер, олардың сакралды сипаты, Қаңға атауының тарихи этимологиясы туралы сөз болады. Қаңға баба жерлеу кешеніндегі көне ескерткіштерді зерттеудің тарихи, этнографиялық, этногенездік мәніне ғылыми талдау жасалады.

Түйінді сөздер: Қаңға баба, ариан, тұран, Авеста, оғыз, қыпшақ, адай, сакралды, сақ дәуірі.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Авеста. Избранные гимны. Из Видевдата. Пер. с авестийского И.Стеблин –Каменский. М.,1993;
  2. Мифологический словарь. Гл.ред. Е.М.Мелетинский. М.,1991, с.257
  3. «Маңғыстаудың сакралды мәтіндерінің концептуалды кеңістігі». 2020 жылғы қараша желтоқсан айлары
  4. Артықбаев Ж.О. Казахское историческое сказание о Толыбай сыншы, родоначальнике племени канжыгалы (канглы, хангаласов)//Сибирский сборник. Вып.3. Курган, 2015. с.4-15.
  5. Массон М. Е. Загадочное городище Канка. Из результатов работ 29 отряда ТПЭ. //

СОНАТ, Ташкент, 1934, №4, с.115 .

  1. Массон М. Е. Ахангеран. Археолого-топографический очерк. Ташкент, 1953. С. 106-110
  2. Филанович М. И. Ташкент. Зарождение и развитие города и городской культуры. Т., 1983, с.156.
  3. Шаниязов Ш. К. Об исторической топонимике Ташкента. // ОНУ, №7, 1983. С. 36 37
  4. Ю.Ф. Буряков Генезис и этапы развития городской культуры Ташкентского оазиса.

Ташкент: «Фан», 1982. 212 с.

ӘОЖ 808.1

ХҒТАР 16.01.07

DOI 10.56525/QPOR5632