ТОПОНИМДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ӘДІСТЕРІ

РЫСБЕРГЕН Қ.Қ.

А. Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

E-mail: kyzdarkhan13@gmail.com

nbsp;

Аңдатпа. Ономастикадағы, нақтырақ айтсақ, топонимикадағы бірнеше ғылыми бағыттың деректері мен әдіс-тәсілдерін қолдану зерттеуді жаңа сапалық деңгейге көтеріп, жаңаша ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе ономастика саласы өзіндік лингвистикалық әдістері қалыптасқан дербес пән ретінде орнықты. Ономастика пәнаралық, кешенді сипатына байланысты бастапқы кезде әлемдік   лингвистиканың маргиналды, шеткерілеу саласы ретінде қабылданып келген болатын. Алайда ХХ ғ. 70-80 жылдары әлемдік, орыс, қазақ тіл білімінде ономастика саласы маргиналдық жағдайдан арылып, «үлкен, құрлықтық» лингвистиканың өзегіне қарай ойыса бастады. Себебі Кеңестік Одақ тұсындағы орыс және ұлттық ономастиканың эмпирикалық, ғылыми-теориялық базасы кеңейіп, толығып, жүйелік-өзіндік зерттеу әдіс-тәсілдері жетілген, толыққанды іргелі дербес лингвистикалық пән ретінде танылып қалыптасты.

Осы мақалада топонимдерді зерттеудің әлемдік әдіс-тәсілдері көрсетіліп, салыстырмалы талдау жасалады. Қазақ ономастикасындағы зерттеулердің дәстүрлі және заманауи технологияға негізделген түрлеріне сипаттама беріледі.

Түйінді сөздер: ономастика, онтологиялық, топоним, Маңғыстау топонимдері, топоареал, топонимдік ақпарат, топонимдік код.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы – Астана: «ІС–Сервис» ЖШС, 2006. – Т. 1. – 400 б.
  2. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: «Ан Арыс», 2007. – 312 б.
  3. Хайдеггер М. Основы феноменологии. – СПб., 2001. – 442 с.
  4. Роль человеческого фактора в языке. Язык и картина мира. – М.: Наука, 1988. – 216 с.
  5. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б.
  6. Уфимцева А.А. Лексическая номинация (первичная нейтральная) // Языковая номинация. Виды наименований. – М.: Наука, 1977. – С. 10– 43.
  7. Языковая номинация. Общие вопросы. – М.: Наука., 1977. Т.1. – 359 с.
  8. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. – М.: Языки русской культуры, 1999. – 896 с.
  9. Лингвистический энциклопедический словарь. – М.: Изд–во «Советская энциклопедия», 1990. – 612 с.
  10. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. – М.: Наука, 1987. – 261 с.
  11. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контексте познания. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 190 с.
  12. Молчанова О.Т. Структурные типы тюркских топонимов Горного Алтая. – Саратов, 1982. – 272 с.

ӘОЖ 808.1

ХҒТАР 16.01.07

DOI 10.56525/ZTGM3793