ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ДИСКУРСТЫҢ ДЕКОНСТРУКЦИЯСЫ МЕН РЕКОНФИГУРАЦИЯСЫ: ҚАЗІРГІ САЯСИ ВЕКТОРЛАРҒА САРАПТАМА

Еркулова Г. С., Оңғаров Д.К.,
Yessenov University, Ақтау қаласы, Қазақстан

 

Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстандағы гендерлік қатынастар саласындағы трансформацияларды бағыттайтын ағымдағы саяси векторларды зерттеуге негізделген гендерлік дискурстың деконструкциясы мен реконфигурациясы терең талданады. Зерттеудің басты мақсаты – елдегі жаһандық өзгерістер мен модернизация үдерістерінің аясында гендерлік саясаттың трансформациясына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау. Мақалада посткеңестік кезеңнен бастап, Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетуге ерекше назар аударып, халықаралық ұйымдарға интеграциялануынан басталған гендерлік саясаттың эволюция кезеңдері қарастырылады.

Мақалада гендерлік саясатты қалыптастыру контексінде ұлттық және халықаралық нормалардың өзара әрекеттестігіне, сондай-ақ жаһандық бастамалардың жергілікті жағдайларға бейімделуіне талдау жасалады. Гендерлік стратегиялардың институционализациясының жеткіліксіздігі және нақты гендерлік теңдік саласындағы баяу прогресс сияқты құрылымдық мәселелер анықталады. Мақалада жаңа заңнамалық шаралар мен бағдарламаларды қамтитын нормативтік жетістіктермен қатар, әлеуметтік-экономикалық және мәдени кедергілер жағдайында оларды іске асыру мәселелері қарастырылады.

Зерттеу сандық және сапалық талдау әдістерін қамтитын кешенді тәсілге негізделген. Халықаралық зерттеулер деректері, статистикалық есептер және гендерлік саясатты қалыптастыру үдерісіне қатысушы негізгі стейкхолдерлермен жүргізілген сапалы сұхбаттар қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы гендерлік бастамалар мен посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердегі ұқсас үдерістердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі.

Қорытынды бөлімде Қазақстандағы гендерлік саясаттың одан әрі дамуының болашағы, соның ішінде гендерлік теңдікті елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларына тереңірек интеграциялау үшін ықтимал стратегиялық бағыттар ұсынылады. Автор гендерлік теңдікті ілгерілетудің сәтті болуы үшін саяси ерік-жігердің ғана емес, сондай-ақ қоғамдық көзқарастар мен тәжірибелердің терең өзгерісін талап ететіндігін, бұл үдеріс пәнаралық тәсілді күшейту және азаматтық қоғамды белсенді түрде тарту арқылы мүмкін болатындығы туралы болжам жасайды.

Түйін сөздер: гендерлік саясат, Қазақстан, гендерлік дискурстың деконструкциясы, реконфигурация, саяси векторлар, посткеңестік кезең, институционализация, модернизация.

DOI 10.56525/EGZI6460

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МЕН ҚҰРАЛДАР

Жилкишбаева Г.С.

Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау, Қазақстан

МАМЕДОВА А. М.

Әзірбайжан технологиялық университеті, Гянджа, Әзірбайжан

nbsp;

nbsp;

Андатпа. Бұл мақалада оқытуда тиімді пайдалануға болатын жасанды интеллектке негізделген жаңа тәсілдер мен құралдар талқыланады. Атап айтқанда, бейімделген оқытуға, білімді бағалаудың интеллектуалды жүйелеріне, виртуалды көмекшілер мен чат-боттарға, сондай-ақ студенттердің академиялық жетістіктерін болжау үшін аналитикалық деректерді пайдалануға талдау жүргізіледі. Бұл технологиялардың білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартуға және жеке тәжірибені қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.Мақалада сонымен қатар білім беру процесіне ЖИ енгізуге байланысты қиындықтар мен проблемалар, соның ішінде деректерді қорғау мәселелері, ЖИ пайдаланудың этикалық аспектілері, сондай-ақ әртүрлі аймақтардағы технологиялардың қолжетімділігі мәселелері талқыланады.Түйін сөздер: жасанды интеллект, бейімделген оқыту процесі, интерактивті оқыту процесі, оқу процесін ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту.

DOI 10.56525/ETBG3497

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Кинтонова А.Ж.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана

Сулейменова Б.Б.

Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті,

Ақтау қ, Қазақстан

Шаңытбаева А. Қ.

Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті,

Ақтау қ, Қазақстан

 

 

Аннотация: Мақала мамандарды даярлау кезінде оқу үдерісінде роботтарды пайдалану мәселесіне арналған. Мақалада robot Operating System негізіндегі оқу роботтарының сипаттамасы, яғни Робот қолданбаларын жасауға көмектесетін бағдарламалық кітапханалар мен құралдар жинағы негізінде берілген. Роботтар мен ROS (Robot Operating System) интеграциясылық процесті білдіретін бірлестігінің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету компоненттері робот инфрақұрылымын құрайды. Бұл роботқа басқа құрылғылармен және жүйелермен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ экожүйеде қол жетімді көптеген дайын құралдар мен кітапханаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобаларды әзірлеу: ROS пайдалана отырып студенттер өз роботтары жайында техникалық жобаларды жасай бастайды, яғни қарапайым мобильді роботтар үшін навигациядан бастап  өнеркәсіптегі міндеттерді орындау үшін қолданатын күрделі манипуляторларға деин жасай алады.

Түйін сөздер: Роботтар, оқу процесі, ROS (Robot Operating System), роботтың операциялық жүйесі, роботты әзірлеу, жасанды интеллект, автоматтандыру, білім беру платформалары, интеллектуалды оқыту, инновациялық технологиялар.

nbsp;

DOI 10.56525/UWKM4465

ҰЛУТАС ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ БЕТОН ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ӘЗІРЛЕУ

Жайылхан Н.А. Дюсембаев И.Н.

Ш Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университеті

 

 Аңдатпа. Қазақстанның Маңғыстау облысында өндірілетін ұлутас қалдықтарына талдау жасалды және ұлутас қалдықтары құрылыс материалдарында ірі бетон толтырғыш ретінде қолданыла алатындығы анықталды.

Карбонатты бетонның механикалық қасиеттері зерттелді. Осыған байланысты ұлутас қалдықтарын қолдана отырып бетон өндіру технологиясы жасалды.

nbsp;

Түйін сөздер: ұлутас қалдықтары, қалдық, ұлутас бетон қоспасы, беріктігі, қайта жарату, әктас өндірісі, бетон.

DOI 10.56525/EVTL4468

КӨНЕ РИМДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИЛІКТІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫНДА ТУА БАСТАҒАН ТАРИХИ ТУЫНДЫЛАР

ҚОБЛАНОВ Ж.Т.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ, Қазақстан

E–mail: zholaman.koblanov@yu.edu.kz

*КАРИМСАКОВА Б.А.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ, Қазақстан

E–mail: baktygul.karimsakova@yu.edu.kz

 *Автор корреспондент: baktygul.karimsakova@yu.edu.kz

Аңдатпа. Мақалада Көне Римдегі алғашқы тарихи туындылардың пайда болуы, нағыз ғылыми тарихи шығармалардың республика дәуірінің соңғы жылдарында туа бастауы, Юлий Цезарьдың «Галлия соғысының естеліктері», «Азамат соғысының естеліктері» тарихи мемуарлық туындылары, бұл туындылардың жазылу мақсаттары, ғылыми құндылығы,  Тит Лукреций Карр, неотериктер қозғалысы,  Гай Валерий Катулл шығармашықтары маңызын пайымдауға арналған. Лукрецийдің «Бұйымдар қасиеті» поэмасы, поэмадағы Эпикур  философиясының мәні, ақынның сол дәуірдегі діни нанымға көзқарасы, өзіндік дүниетанымы кең түрде талданады. Мақалада дәуір шындығына сын көзбен қараған дарынды қаламгер ой-пікірлерінің идеялық бағытын, оны баяндаудағы қаламгер шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Осы дәуірлерде Римдегі ішкі тартыстар мен ұрыстар ескі республикалық биліктің мүлдем қирауына, кейбір билеушілердің жеңіске жетуіне кең жол ашты.  Неотериктер өз еңбектерінде эллин әдебиетінің заңдарын, әсіресе сол дәуірдің ұлы ақыны Каллимах шығармашылығын үлгі ретінде пайдаланды. Сондықтан, олар да Каллимах сияқты дастан, трагедия тәрізді көлемді жанрлардан бас тартып, кіші көлемдегі туындыларды, яғни эпилийлер, эпиграммалар, элегияларды өнеге қылып, өздері де сол жанрларда шығармалар жазды. Мақалада сонымен қатар неотериктердің көрнекті өкілі болған Гай Валерий Катулл шығармаларының өзінен кейінгі әдебиетке тигізген әсері де пайымдалған.

Кілт сөздер: тарихи туындылар, материалистік философия, поэма, неотериктер, юмор, лирикалық өлең.

DOI 10.56525/TRCZ3357

ЛЕКСИКАНЫ ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР

Қобланов Ж.Т.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

Е–mail: zholaman.koblanov@yu.edu.kz

Каримсакова Б.А.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

    Е–mail: baktigul.karimsakova@yu.edu.kz

nbsp;

Аңдатпа.  Соңғы жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер білім мен оқуға жаңашылдық пен жаңа қызығушылық әкелді. Осыған байланысты білім беру жүйесі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жаңартуға бағытталған көптеген мәселелерді шешуде. Еліміздің саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық өркениетті елдер қатарына жатқызылуы жас ұрпақтың ана тілінде таза сөйлеп, өз ойын еркін жеткізе білуімен тығыз байланысты. Сөздің сырын, мағынасын, қазақ халқының рухани мәдениетін тану тіл біліміндегі сөздік құрамын тереңдетіп зерттеуге тікелей қатысты мәселе. Қазақ тілінің сөздік қорын меңгеру, болашақ ұрпақтың сөздік қорын өмірде тиімді пайдалануы орта мектепте лексика курсын оқытуда шешілетін міндеттер. Қазақ тілінің лексикалық жүйесі – қазақ халқының интеллектуалдық, мәдени, рухани болмысын, мемлекеттілігін, болмысын танытатын ерекше тілдік құбылыс. Студенттер қазақ лексикологиясын оқу арқылы ана тілінің терең қабаттарында сақталған тарихи жәдігерлерді көрсетуге, қазақ халқының даму жолын көрсетуге көптеген мүмкіндіктерге ие. Осыған орай оқушыларға сөз мағынасының әр түрлі реңктерін үйрету, ой-өрісін дамыту, білімдерін кеңейту, тіл байлығын жетілдіру деңгейлік тапсырмалармен тығыз байланысты. Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушы қарапайымнан күрделіге, қарапайымнан күрделіге қарай ретімен орындайды. Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту оқушылардың қазақ тілінің сөздік қорынан алған білімдерін тереңдету үшін қолданылады.

Кілт сөздер: лексика, қазақ тілінің сөздік құрамы, деңгейлік тапсырмалар, әдіс-тәсілдер, әдіс, тәсіл, терминдер, үйлестіру (синтез), талдау (анализ), аудару, көрнекілік, баяндау әдісі, түсіндіру әдісі, ойландыру әдісі, жалқылау, жалпылау әдістері, әңгімелесу әдісі; еліктеу әдісі, жаттықтыру әдісі, ана тілінің материалын пайдалану әдісі, көрнекілік әдісі, техникалық құралдарды пайдалану әдісі, экскурсия әдісі.

DOI 10.56525/TNEG7305

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

СМАГУЛОВА К.Х

К. Сағадиев атындағы Халықаралық

бизнес университеті

Алматы қ.,Қазақстан

E-mail: smagulova_72@mail.ru


                Андатпа. Мақалада білім мазмұнының нәтижесін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негізі зерттеу еңбектерін талдау арқылы қарастырылып, бастауыш мектепте оқушылардың жас ерекшелігіне сай рефлексивтік дағдысы арқылы критериалды бағалауды жүргізуде үлес қосқан ғалым-педагогтардың еңбектері, зерттеу жұмыстары зерделеніп, тұжырымдар жасалды, құрылымдық-мазмұндық моделі айқындалды.

Сонымен қатар, бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы біз қарастырып отырған оқушылардың оқу әрекеті арқылы қалыптасатын оқу нәтижелерінің бірі ретінде рефлексияны қалыптастырып, дамытуды алға шығарады. Демек, баланы өз әрекеті жайлы ойлана алуға, оған өзіндік баға беруге үйрету ерте қолға алынуы жаңа стандартта айқын көрініс тапқан.

Кілт сөздер: рефлексия, кері байланыс, оқушы, функциональдық сауаттылық, бағалау.

DOI 10.56525/CIJO8230

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚТУРИЗМ ҮШІН TWITTER-ГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН PR ҚАЖЕТ ПЕ?

Пулатова З.Т., Ошанова О.Ж.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Алматы қ, Қазақстан

nbsp;

НЕГІЗДЕЛГЕН PR ҚАЖЕТ ПЕ?

Аңдатпа. Көшпелі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, артефактілер қазақ мәдениетінің өзегін қалайды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміз этникалық дәстүрлерімізді одан әрі дамытуға күш жұмсап келеді [1]. ҚР Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, этникалық спорт түрлерімен айналысатын шамамен 250 952 спортшы бар. Мұның жақсы мысалы, Батыс стиліндегі ат жарыстарымен қатар, көкпар сияқты қазақ көшпенділігінен бастау алатын ойындар; оның ережелері өте қарапайым, шабандоздар бассыз ешкінің ұшасын ұстап алып, гол соғуына бағытталған.

Бұл зерттеу Қазақстанға туристерді көптеп тартудың бір жолы ретінде қазақстандық дәстүрлі спорт түрлерін ілгерілету үшін Twitter-ге негізделген PR-дың қажеттілігі бар-жоғын зерттейді. Зерттеу мақсатына сапалы және сандық зерттеу әдістерін араластыру арқылы қол жеткізілді. Негізделген теория мен тақырыптық талдау негізгі сапалық тәсілдер, сондай-ақ жартылай құрылымдық сұхбаттар болды. Бұл зерттеуге Груниг пен Ханттың төрт моделі және Джеффкинстің трансферлік процесі сияқты қоғаммен байланыс теориялары қолданылды. Бұл Эдвард Саидтың Шығыстану тұжырымдамасымен байланысты болды. Зерттеу гипотезаны тексеруге көмектесу үшін онлайн сауалнама жүргізді.

Кілт сөздер: Twitter; көкпар; мәдени-спорттық туризм; Қазақстан; этноспорт; дәстүрлі спорт түрлері.

DOI 10.56525/CRUY2171

ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ошанова О.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Алматы қ., Қазақстан

nbsp;

Аңдатпа. Бұл мақалада еліміздегі және дамыған елдердегі журналистік білім берудегі дәстүрлі және жаңашыл бағыттағы әдіс-тәсілдер сөз болады. Кәсіби білім беру саласындағы заманның сұранысына және технологиялық өзгерістерге орай қойылып отырған жаңа талаптар мен оларға бейімделу үдерістері жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар европалық және америкалық университеттердегі журналистік білім беру бағытының біздің Қазақстандық оқу бағдарламаларымен ұқсатығы және ерекшелігі сарапталады әрі бұл салада қандай жаңғыртулар мен түбегейлі бетбұрыстар қажеттігі айтылады.

Кілт сөздер: журналистік білім беру, инновациялық әдіс-тәсіл, технология, жаһандану

DOI 10.56525/CUOC9428

АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВТЫҢ САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ

ТӨРТКҮЛБАЕВА Т.Ә.

Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті

Нөкіс қ., Қарақалпақстан

E-mail:  ttabdigaziqizi@mail.ru

nbsp;

Андатпа. Асқар Тоқмағамбетов – қазақ әдебиетіндегі, әсіресе сатира саласының майталман өкілі, жемісті еңбек еткен, тәжірибелі авторы болды. Қаламгердің бұл салада еңбектене бастаған жас ақындарға, фельетоншыларға тигізген әсері мол. Кейін халық арасына есімдері кең тараған, белгілі сатирашы Шона Смаханұлы , Оспанхан Әубәкіров, Мыңбай Рәшев сияқты көп ақындарымыз Асқар Тоқмағамбетовтан көп өнеге, үлгі алды.

Асқар Тоқмағамбетовтың сатирасы қазақ әдебиеті тарихында айтарлықтай тәрбиелік қызмет атқарған болатын. Өз дәуірінде Асқардың сатиралық туындылары халықтың  кең ықыласына бөленген, қолдау тауып отырған. Отанымыздың ауылдары мен қалаларында Асқардың фельетондары, сықақ өлеңдері мен памфлеттері жұртшылыққа кең таралып, ауыздан-ауызға көшіп жүрген, сахналарда орындалып, күйтабақтарға жазылған.

Асқар Тоқмағамбетов қазақ әдебиетіне, оның ішінде сатира жанрының қажет екендігін айтып, сын мен сықақ жанрына өте жоғары талап қойған болса, өзі де  бірнеше жыл бойы осы міндетке адал болды, сол жолда бүкіл ақыл-ойын, парасат-қабілетін тежеп қалмай тебірене қалам тербеді. Жаңаша өмір орнатуда етектен тартып, балақтан басар, заманагөй мораль, этика, тұрмыс-салт мәселелеріне қарама-қайшы келетін нәрсенің барлығын аяусыз, пышақтың жүзіндей өткір тілмен әшкереледі. Мақалада Асқар Тоқмағамбетов сатирасы жүйeлі, жан-жақты талданып, пaйымдaлады.

Кілт сөздер: поэзия, сатира, дәстүр, жаңашылдық, әдебиет, юмор, сарказм, күлкі, диалог, сахна.

DOI 10.56525/IFKU6290