БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

*ТАЙМУРАТОВА Л.У.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz

ЭСНИЯЗОВ Е.Т.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: elaman_362@mail.ru

*Корреспондент авторы: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz

 

Аңдатпа. Бағалау технологиясын ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық процесінде қолдану, оқушының тұлғалық ақыл-ой қасиеттерін қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады. Мақалада бағалау технологиясы және оны ҰБТ-ға дайындық барысы процесінде қолдану әдістемесі туралы айтылады. Пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, осы пәндер үшін құзыретті кадрларды даярлау, оқушылардың білімін объективті бағалау қамтылған. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жүйесі білім беру жұмысы, білім беру процесін өнімді білім алуға бейімдейтін интербелсенді оқыту тәсілін енгізу. Интербелсенді оқыту - бұл ең алдымен мұғалімдер мен оқушылар өзара әрекет етіп, сұхбаттасып оқыту екендігі туралы айтылды. Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары туралы:  оқушылар арасында еркін және ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату,  оқушылар өз бетінше білім іздеуге бағыттау,  оқушыларға қажетті білік пен дағдыларды   дамыту. Біз ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін жақсарту бойынша тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Біз оқушыларға арналған жылдық жоспар әзірлейміз. Жылдық жоспар әр сыныпқа ұсынылған материалдар негізінде жасалады. Емтихан материалдары әртүрлі тақырыптарды қамтиды: тарихи (шетелдік) мәселелер, мақал-мәтелдер, идиомалар және фразалық етістіктер және т.б. «Ұлттық біріңғай тестілеуге» дайындау үш кезеңде өтетіндігіне мән беріледі: мақсаттарды кезең-кезеңмен дайындау, білімді тереңдету үшін таңдау пәнінен білімін дамыту, оқушының мүмкіндігін анықтап, дұрыс шешім табуға көмектесу, әр оқушымен жеке жұмыс жасау және олардың білімін толықтыру және т.б. Оқушыларды бағалаудың түрі-критериалды бағалаудың маңызы атап өтілген, себебі  ҰБТ  нәтижелері кезінде пәнді қаншалықты біледі, соған байланысты, балды көбірек алу мәселелері де маңызды болады. Емтиханға, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқанда білім алушылардың коммуникативтілігі, бірізділігі, тәртіптілігі, уақытын үнемді пайдалануы, жинақтылығы, материалдарды толық игеруі, құзіреттілігі, осының барлығы жақсы нәтиже көрсетуге ынталандырады. Қолданылған әдіс-тәсілдер білім алушылардың алған білімдерін тиімді қолдануға, оң және жақсы нәтижелер алуға көмектеседі деп ойлаймыз. Соның ішінде интербелсенді әдістердің маңызы өте зор.

Түйін сөздер: бағалау технологиясы, интербелсенді оқыту, критериалды бағалау, ұбт, білім алушылар, мұғалім, үлгерім, әдістер, танымдық белсенділік.

ӘДЕБИЕТТЕР:

nbsp;

[1]. Абекова Ж.А., Оралбаев А.Б., Бердалиева М., Избасарова Ж.К. технология критериального оценивания, методика ее применения в учебном процессе // Международный Журнал Экспериментального Образования. – 2016. – № 2-2. – С. 215-218;

[2]. URL: https://expeducation.ru/ru/article/view?id=9559

[3]. Моста, М.А. Критическое мышление как основа развития современного специалиста/ М.А. Мосина// Портрет ученика в фокусе программ международного бакалавриата: мат-лы Междунар. науч.-практ. конф. Пермь, 2009. С. 137- 146.

[4]. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО –да қолдану мәселелері: оқу құралы/ А.Әліміов. – Алматы: 2013. -447 б.

[5]. Башарулы Р., Шункеев К., Мясникова Л., Жантурина Н., Бармина А., Аймаганбетова З. Физика. Учебник. 1,2 часть. Атамұра.2020

ӘОЖ 53.531

DOI 10.56525/KJCL9612