ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

УЙСИМБАЕВА Ж.Т.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Тараз қаласы, Қазақстан.

E-mail:  zhanara_mm@mail.ru

САЙЛАУБЕК Н.Д.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Тараз қаласы, Қазақстан.

E-mail:  n.saylaubek@list.ru

*Корреспондент авторы:zhanara_mm@mail.ru

 

Аңдатпа.  Тараз қаласының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату ең өткір мәселе болып отыр. Қалада оларды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың дамыған және заманауи инфрақұрылымы жоқ. Жасыл-Ел Тараз және Алди и К полигонында өндірілген қалдықтардың барлығы дерлік қайта өңдеусіз полигондарға орналастырылады, олардың көпшілігі осындай мамандандырылған объектілерді орналастыру, жайластыру және пайдалану жөніндегі санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Қоршаған ортаның ластануын шешу үшін қалдықтарды басқарудың қолайлы жүйесін құру қажет. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою үшін қоқыс өңдеу зауыттары жоқ және рұқсат етілмеген полигондар жұмыс істейді.Осыған байланысты жақын арада қалалық және ауылдық аудандарды, сондай-ақ рұқсат етілмеген полигондар бойындағы жерлерді, егістіктерді жаппай тазарту үшін арнайы технология құру қажет. Қазіргі таңда қоршаған ортаның басты ластану факторларының бірі қалалардың шаруашылық-тұрмыстық қызметтің артуы, ол өз кезегінде экологиялық дағдарысты туындатып отыр. Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі өте маңызды, себебі қоқыстың тек 8-9%-ы ғана қайта өңделеді, ал қалған 90%-ы полигондарда сақталады, бұл экологияға орасан зор зиян келтіреді. Ал басқа елдерде қалдықтардың жартысынан көбі қайта өңделеді, сонымен қатар олар осы салада айтарлықтай табыс табады.

Біздің еліміздегі мұндай өткір экологиялық жағдай, экологиялық қабілеттіліктің болмауы және  жүйенің қалдықтарды басқарумен байланысты құқықтық және технологиялық шешімнің болмауымен күрделене түседі. Әлі күнге дейін, ҚТҚ полигондарының басым көпшілігінде технологиялық және техникалық жағынан жетілмеген, өнімсіз, экологиялық қауіпті, тиімсіз және құқықтық жағынан қамтамасыз етілмеген күйінде қалып отыр.Қазақстандық қоқыс тастайтын жерлердің проблемасы сол, қоқысты жағумен байланысты.

Түйінді сөздер: Қатты тұрмыстық қалдықтар, полигон,  термометр, люминесцентті шамдар, пластик

nbsp;

ӘДЕБИЕТТЕР

nbsp;

[1]. Интегрированное управление бытовыми и производственными отходами (на примере Туркестанского региона): А.Д.Ақбасова, Г.А.Саинова, О.А.Исаков.-Алматы:«Нұрлы Әлем»,2020.-240с.

[2]. Отчет по результатам маркетингового исследования «Внедрение комплексной системы управления твердыми бытовыми отходами в Республике Казахстан».- Алматы,2018.-111с.

[3]. https:/-/vtothod.ru/klassy/osnovnye-othodov-i-ih-klassifikatsiya.

[4]. Gu, F.; Guo, J.; Zhang, W.; Summers, P.A.; Hall, P. From waste plastics to industrial raw materials: A life cycle assessment of mechanical plastic recycling practice based on a real-world case study. Sci. Total Environ. 2017, 601, 1192–1207.

[5]. Батесова Ф.К., Хаким А.А, Анализ данных по образованию и  вторичному использованию отходов в Казахстане / Сатпаевские Чтения2020-2 том. Алматы, 2020 год .

ӘОЖ 502.5:628.477

DOI 10.56525/DKMK7307